Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 5571 0 пікір 1 Ақпан, 2016 сағат 18:16

МӘЖІЛІС САЙЛАУЫНА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАУ АСЫРА СІЛТЕУ ЕМЕС ПЕ?

ҚР Президенті пәрмен беріп, мәжіліс мерзімінен бұрын тарайтыны белгілі болды. Тіпті, мәжіліс сайлауының қашан, қай күні өтетіні де белгіленіп, додаға «допуск» алған 7 партия өз үміткерлерін анықтай бастады. Қазақстандық саяси сарапшылар бұл жолғы сайлаудан көп өзгерістер күтетінін айтқан болатын. Ширек ғасырдан бері аттан түспей келе жатқан, парламенттегі ақсақалдар элитасын, жас буынның алмастыратыны туралы да аз айтылған жоқ. Кезектен тыс парламент сайлауы – геронтакратиялық жүйенің транзиті ме, әлде саяси қажеттілік пе?

Жә, жүргенінен тұрғаны көп пәрменсіз парламентті тарқату Қазақстандағы мини-партияларға кадрлық және құрылымдық ауыс-түйіс жасауға әм Елбасы 2011 жылы көтерген көппартиялы парламентті жасақтаудың екінші қадамын жүзеге асыру сеп болса керек-ті. Мәселенки, формалды-оппозиция бақылаушылары Президент шешімі шықпастан, жаңа жасақталатыны парламентке президентшіл «Ауыл» партиясының өтетіні туралы жорамалдаған ед.

Хоп, сайлау сайлауымен. Жақында қазақстандық ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мырза 2016 жылдың наурыз айында өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау науқанына  мемлекет қазынасынан 4 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады.

«2016 жылғы сайлауға 4 млрд теңге бөлінген. Сенаттағы, мәжілістегі, мәслихаттағы өзгерістер, қайта сайлау немесе басқа да шығындар — барлығына осы. 2016 жылы бізде 4 млрд қарастырылған», — деді Б.Сұлтанов. Дегенмен оның сөзінше, парламент сайлауына қанша қаржы жұмсалатындығы «әлі есептелмеген».

Ал ҚР Орталық сайлау комиссиясының  төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мырза, биылғы сайлау науқанына бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінетінін айтып қалған ед.

«Мәслиxат және мәжіліс депутаттарын сайлауды бірлесіп өткізу арқылы біз бюджеттік қаражатты едәуір үнемдейтін боламыз. Үнем көлемі шамамен 4,8 млрд теңгені құрап отыр. Жалпы сайлау науқанына біз шамамен 8 млрд теңге бөлінеді деп қарастырып отырмыз», — деді ол.

Тұрғанқұловтың айтуынша, жалпы Парламент Мәжілісіне 107 депутат, жергілікті мәслиxатқа 3335 депутат сайланады.

Рас, жақында «7kun.kz» сайты Қазақстандағы сайлаудың құнын есептеген.

Мысалы, 2011 жылы ҚР Парламенті Сенатының сайлауына қазынадан 256 миллион теңге бөлінсе, дәл сол жылы кезектен тыс Президент сайлауына бюджеттің 4,3 миллиард теңгесі жұмсалған.

Ал 2012 жылы Мәжіліс пен мәслихат сайлауы деп шапқылап жүріп, бюджеттің 5 миллиард 200 миллион теңгесін жаратып жіберіптік.

2013 жылы жергілікті әкімдер сайлауына қазынадан  334 миллион теңге жұмсалды.

2014 жылы да қазақстандықтар сайлау өткізді. Бұл жолы Сенат сайлауы. Қазынаның 369 миллион теңгесі жұмсалды бұл сайлауда.

2015 жылы кезектен тыс Президент сайлауын сәтті өткіздік. Сайлау науқанына мемлекет бюджетінен 5,5 миллиард теңге бөлінді.

Парламенттің төменгі палатасын мерзімінен бұрын тарату туралы сыбыс шыға бастағанда, біз парламенттегі аутсайдерлерді шегеріп, негізгі жасақты ойынға шығару керектігін бастама етіп көтердік.

Биліктегі бас партия құрамына мүше, бүгінде Қазақстанның толыққанды азаматтары атанған, қандастар атынан жаңа жасақталатын Мәжіліске өкіл керектігін де аз жазған жоқпыз. Әншілер мен спорт жұлдыздарын жинаған жұлдызды партия біздің бажайымызға бас қатырмаса керек. 127 адамнан құралған «Нұр Отан» үміткерлері қатарынан қандастардың біреуі де табылмады. Әттеген-ай, дедік.

Десек те, биылғы додада билікшіл «Ауыл» партиясы мен қазіргі таңда лидерсіз жүрген «ЖСДП» өз үміткерлерінің тізімін жариялады. «Ауыл» партиясы ұынған 19 азаматтың ішінде, кәсіпкер – Бахаргүл Төлегенқызы мен «ЖСДП» жасақтаған 27 адамның тізіміне «Қазақстанның оралмандар бірлестігінің» жетекшісі Рахым Айыпұлы енді. «Әп, бәрекелді», дестік.

Түйін: Өзін-өзі тарқатуды сұраған Парламенттің төменгі палатасын қайта сайлау үшін – мемлекет қазынасынан 4 миллиард теңгенің тәрк ету әсіресілтеу емес пе?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1565
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541