Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4075 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 06:12

Сырт бейнесін өзгерткен «пионерлер» ұйымы туған күнін атап өтті

Былтыр күзде  Алматы қаласындағы республикалық сарайда Лениншіл комсомолдардың 90 жылдық тойы аталып өтілгенде, оған қазақ елінің бірқатар көшбасшыларының қатысып ел-жұртты бір шулатқаны әлі естен шыға қойған жоқ. Солардан үлгі алған болар, Алматы облыстық білім басқармасы Лениндік Пионердің 90 жылдығына орай 19 мамыр күні Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында үлкен бірі шара ұйымдастырды. Ол – «ХХІ ғасырдың ұландары мәдениет пен бейбітшілік жолында» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігінің облыстық слеті деп аталғанымен өту тәртібі бір кездегі жартылай әскери ұйым іспетті болған пионерлер ұйымының жиынын көзге елестетті.  Өткізу тәртібі түгелмен сол –  осыдан 20-30 жыл бұрынғыны бұлжытпай көз алдымызға әкелді. Сап түзеген жасөспірімдер топ жетекшілерінің бұйрықтарын қалтқысыз орындап, «бұрыл» десе бұрылды, «тоқта» десе тоқтады, «тік тұр» десе қалшиып тұра қалды.  Құдды бір құртақандай адамдардан құрылған әскери отряд дерсің. «Топтың аты», «Топтың ұраны» «Баянхат» барлығы-барлығы бала кезіміздегі пионерлер отрядындағы тірлішілікті еске түсірді.

Слетке келгендер бірінші кезекте балалар ұйымдарының көрмесімен танысты, сонан соң слеттің өзі жоғарыда айтылған тәртіппен басталды. Балалар бірлестіктерінің тұсаукесері жасалып, саппен жүруден байқау өткізілді. «Қазақстандағы балалар құқығы қорғалады (қорғалмайды)» атты пікірсайыс қана коммунистердің жол бастауымен комсомолдар мен пионерлер салтанат құрған жылдардағыдан бөлектеу, қалғаны сыртқы бейнесін  ғана өзгерткен сол баяғы «Әрқашанда дайынбыз!».
Жалпы бұл істің игі мақсатта ұйымдастырылып отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Бізді таң қалдырғаны осыған бастамашылдық көрсеткендердің бір кездегі пионерлер ұйымының барлық жақсылықтарымен бірге асыра сілтейтін артықтау тұстарын еш өзгертпестен көшіріп алғаны және «ХХІ ғасырдың ұландары мәдениет пен бейбітшілік жолында» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігінің алғашқы облыстық слетін тура Пионер ұйымының тоқсан жылдығы күніне орайластырғаны. Бұдан бір кездегі командалық-өктемдік жүйені аңсаудың иісі шығып тұрғандай...
«ХХІ ғасырдың ұландары мәдениет пен бейбітшілік жолында» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі тура осы күні құрылмаған болар. Слет өткізу үшін басқа датаны таңдағанда, жиынның мәні мен маңызы арта түсері сөзсіз еді. Әйтпесе, жасөспірімдерге жол көрсетуге тиісті ересектердің барлығы  слетті пионер ұйымының 90 жылдығы дегенді ашықтан-ашық айтып тұрғанын байқап қалдық.

Ақиқат Алмас, Алматы облысы.

0 пікір