Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3591 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 06:11

Қой шаруашылығының өнімділігі артады

Бейсенбі күні Алматы облысындағы қой шаруашылығын одан ары өркендетуге байланысты тағы бір шешуші әрі нақты қадам жасалды. Нақтырақ айтқанда, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы  атынан осы корпорация басқармасы төрағасының орынбасары Нұрлан Омаров пен  «Жетісу» қой өсірушілердің аймақтық қауымдастығының атынан осы қауымдастықтың президенті Кеңесхан Әбділданов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы №483 «Аймақтық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру тұжырымдамасы туралы» Қаулысыны назарға ала отырып, Алматы қаласы айналасында  азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасы аясында «Алматы аймағында қой шаруашылығын дамыту» жобасын жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойды.

Бұдан бұрындары жазғанымыздай, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы – бұл атқарушы және заң шығарушы билікпен, бизнеспен белсенді түрде ынтымақтастықта жұмыс жүргізетін Алматы қаласы мен облысында әрекет ететін аймақтық дамыту инистиуты. Корпорация Алматы аймағының экономикалық және әлеуметтік дамуына тың серпіліс, жаңа қарқын беру үшін құрылған. Оның коммерциялық корпорациялардан басты айрмашылығы алынған кіріс сол корпорация құрылған аймақтың тұрғындарыың тұрмысы мен жағдайын жақсартуға бағытталған әлеуметтік, экономикалық және мәдени бағдарламаларды жүзеге асыруды қаржыландыруға жұмсалады.  Алматы мен Алматы аймағы – аса ірі қаржылық, саудалық және қызмет көрсету бойынша агломерация. Аса үлкен транзиттік мүмкіндікке ие, жағрафиялық орналасуының қолайлылығымен, табиғи ресурстарының молдығымен ерекшеленеді. Осыған орай «Жетісу» ӘКК-ның аймақты дамыту жөніндегі жоспарлары сол мүмкіндіктерді толайым әрі тиімді пайдалануға негізделген. Сондай жоспарлардың бірі – қой шаруашылығын дамытуға байланысты қол қойылып отырған осы меорандум десек артық айтқандық бола қоймас. Келісімге сәйкес, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ өзінің еншілес кәсіпорны «ЖетісуАгроСауда» ЖШС арқылы жобаны қаржыландыру мен жан-жақты қолдауды, жоба негізінде аймақтағы өнімділігі жоғары қой басын көбейтуді, қосымша жұмыс орындарын ашуды қолға алады. Ал «Жетісу» қой өсірушілердің аймақтық қауымдастығы өз кезегінде өнімділігі жоғары қойларды сатып алу мен іріктеуге қатыса отырып, сатып алынған асыл тұқымды қойларды Алматы аймағы шаруа қожалықтары арасында орналастыруды ұйымдастырады. Шаруа қожалықтарында дайындалған дөрекі жүнді «Отау Үштөбе» ЖШС-не жеткізуді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге «Отау Үштөбе» ЖШС-не жуылған жүнді өткізуге көмектесіп, «Отау Үштөбе» ЖШС-дегі киіз үй өндірісі үшін осы кәсіпорын мен Семейдегі жүнді алғашқы өңдеуден өткізу кәсіпорны арасындағы киіз жеткізуге байланысты әріптестік қарым-қатынасты қалпына келтіруге атсалысады. Егер ойға алғандар толыққанды жүзеге асса, Жетісу жеріндегі қой шаруашылығы жаңа қарқынмен дамып, шопан атадан алынатын өнімдердің барлығын жергілікті жерде қайта өңдеуден өткізуге даңғыл жол ашылады.

Болат Абаған, Алматы облысы.

0 пікір