Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 3514 0 пікір 15 Ақпан, 2016 сағат 17:58

ҚҰЖАТСЫЗ БАЛАНЫ ТАРТЫП АЛМАЙ МА?

Өңім бе, түсім бе, білмеймін. Сериал сияқты. Опшым, былай. Бір әйелдің үйінде тұрып, кафеде даяшы боп істеп жүрген қыздың аяғы ауырлап қалады.

Әлгі әйел оны үйінде туғызып, баласын нәресте сүйе алмай жүрген жас отбасыға береді. Қыздан "баламды іздемеймін" деген мазмұнда тілхат та жаздырып алған. Енді сол бала 7 жасқа келіп, мектепке баратын уағы жетті. Ал әлгі тілхат жаздырып алған әйел о дүниелік боп кетті. Қыздың да қайда жүргенін ешкім білмейді. Ал кішкентай баланың бірде-бір құжаты жоқ. Осы уақытқа дейін дәрігерге қалай қаралды, жалпы құжатсыз қалай өмір сүрді - білмеймін. Ата-анасы баланы мектепке бере алмай отыр. Олар енді не істесе болады, айтыңдаршы? Баланы алып қоя ма, органдар? Олардың содан басқа перзенті жоқ.

Жаннат Нұр

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір