Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 4501 0 пікір 15 Ақпан, 2016 сағат 18:29

ЕСТІРТУ МЕН СҮЙІНШІНІ ПАРЫҚТАЙ АЛМАЙТЫН БОЛДЫҚ

Естіртуші адам сүйінші сұрамас болар!

Жошының өлімін естірткуден қорқып, қос ішекке жүгінбеп пе еді? Себебі Шыңғысхан жаманат хабар әкелгеннің басын шабатын. Соның өзінде домбыраның шанағына қорғасын құйдырып, үш ішектің бірі содан түсіп қалды дейді. Әрі дәлел ретінде "Ақсақ құлан" күйі де бар. Содан күні кешеге дейін "Үйге қарай жүгірме" деген тыйымның ар жағында жаманат хабарды айтуға асықпа деген ұғым жатқанын білуші едік.

Ал қазір жаманат жеткізуден кәдімгідей жарыс басталып кеткен. Естірту мен сүйіншіні парықтай алмайтын дәрежеге жеткен боп тұрмыз ғой. "Зорлап кетті", "өлтіріп, көміп кетті", "тастап кетті" деген ақпараттар легін тыятын бір "Шыңғысханның" жетпей тұрғанын қарашы...

Мәриям Әбсаттар

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір