Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 3565 0 пікір 17 Ақпан, 2016 сағат 10:19

ҚАРАЖАТТЫ ҚАЗАҚША ЖҰМСАЙ БІЛЕЙІК

Осы апта машинасыз жүрмін. Қазір таксиде келе жатырмын. Алматыда білесіздер, таксистер жол бойы адам алып кете береді.

Алғашқы болып, мен отырдым да, "Мақатаев-Мұқанов" және "бес жүз" дедім. Жалпы қай қалада қай ұлт өкілі тоқтаса да, баратын жер мен бағасын қазақша айтамын. Ақша қажет болса, алып кетеді. Әйтпесе, такси көп.

Жүргізуші жігіт орыстілді қазақ екен. Орысша жауап қатты, бірақ мені түсінді де отырғызды. Жолда тағы бір қыз отырды, ол да қазақша "үш жүз" деді. Жүргізуші тағы орысша сөйлесті. Қыз түскен соң, тағы екі қыз шықты. Олар да баратын жерін қазақша айтты. Сол кезде жүргізуші "Канша?" деді. Бір сөйлемеді, екі сөйлемеді, үшінші рет амал жоқ жауап қатты акцентпен болса да. Себебі мойындаймыз ба, мойындамаймыз ба, қазақша сөйлейтін xалық көбейіп жатыр. Әсіресе, Алматыда!

Енді бизнес жайлы айтсақ, xалықтың 70 пайызынан көбі - қазақтар. Нарықтағы негізгі тіл - қазақ тілі. Сол үшін кез келген жерде клиент болсаңыз, қазақша сөйлеу керек: банкке xабарласқанда, такси шақырғанда, сән салонында, кафе-ресторанда және т.б. Мемлекет те, басшылық та, шенеунік те, президент те xалықпен санасады. Халық барлық жерде қазақша сөйлесе, бизнес те, саясат та қазақшаланады. Ең бастысы - қаражатты қазақша жұмсай білейік.

Нұрлан Жанай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513