Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2718 0 пікір 8 Маусым, 2010 сағат 05:06

Шығысқазақстандық аса қауіпті қылмыскер 2 жыл өткен соң Алматыда ұсталды

Алматы. 8 маусым. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстан облысында осыдан екі жыл бұрын жасалған қарақшылық шабуыл мен кісі өлтіруге қатысы бар аса қауіпті қылмыскер өткен дүйсенбіде Алматыда ұсталды. Бұл туралы агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

Белгілі болғанындай, Алматы полициясы Семей қаласының іздеуге жарияланған 28 жастағы тұрғынын Бостандық ауданында Радостовец көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен жалдап тұратын пәтерінде ұстаған.

Дереккөздің айтуынша, 2008 жылдың 17 наурызында Курчатов-Семей автожолының 40 шақырымында бұл адам сыбайласымен бірге ГАЗель көлігіне шабуыл жасап, «Өскен» ЖШС-інің 25 жастағы жүргізушісін буындырып өлтіріп, Т800 мың теңге ақшаны алып, қашып кеткен.

Жергілікті полиция қарақшылық шабуыл және кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 96 бабының 2 бөлімінде (кісі өлтіру) қарастырылған қылмыстың белгілері бойынша  бірден қылмыстық іс қозғады.

Алайда қылмыскерді анықтап, оны мемлекетаралық іздеуге жариялау 1,5 айдан кейін ғана мүмкін болды.

Құқық қорғау органдары іздеуде жүрген адамның қалай табылғаны және оны тұтқындау операциясы туралы толық мәлімет бермей отыр.

Сонымен қатар, қамауға алынған қылмыскердің қандай да бір ұйымдасқан қылмыстық топқа кіретіні-кірмейтіні де айтылмай отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2278
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596