Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2819 0 пікір 7 Маусым, 2010 сағат 08:45

Шетелде оқуға «Болашақ» бағдарламасының конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау басталады

Астана. 7 маусым. ҚазТАГ - Қазақстанда ҚР президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының 2010 жылғы конкурсына құжаттарды қабылдау басталды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің стратегия мен даму департаментінің директор орынбасары Ақерке Аблайхан мәлім етті. 

Үміткерлердің құжаттарын Алматы мен Астанада қабылдау басталады.

«Биылғы конкурстың өзгешелігі құжаттар тек «қолма-қол» қабылданады.Яғни бұрындары құжаттар топтамасын пошта арқылы жіберуге болатын болса, енді азаматтар құжаттарын жеке өздері қолма-қол әкеп тапсырулары тиіс», - деді Ақерке Аблайхан дүйсенбі күніг баспасөз әслихатында.

Бұл ретте Алматыдағы филиал қызметкерлері үміткерлерден құжатты маусымның 7-сі мен 15-і аралығында ғана қабылдайды. Жалпы құжат қабылдау академиялық оқу үшін 2010 жылғы  7 маусымнан 30 шілдеге дейін, ғылыми тағылымдама үшін 7 маусымнан 30 қыркүйекке дейін деп айтылған.

Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Данияр Бектұрғановтың айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы бойынша ұсынылатын жоғарғы оқу орындарының тізімі жыл сайын бекітіліп отырады. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін ұсынылатын жоғары оқу орындарының тізіміне академиялық оқу үшін 23 елдің 200 жоғарғы оқу орны мен ғылыми тағылымдамадан өту үшін әлемнің 24 елінің 105 оқу орны, ғылыми орталықтары, ЖОО-лары мен зертханалары кірген.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметтерінше, былтыр 1447 стипендия бөлінген болса, биыл барлығы 1007 стипендия бөлініп отыр. 

Қазір шетелде 2257 стипендиат оқуда. Олардың көбі АҚШ-та, Канадада, Ұлыбритания мен Ресейде оқуда.

0 пікір