Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3921 0 пікір 24 Қыркүйек, 2015 сағат 11:59

РЕСЕЙ ШЕКАРА БОЙЫНАН ӘСКЕРИ БАЗА САЛМАҚШЫ

Ресей Украинаның Луганск облысындағы шекарасынан екінші ірі әскери база салуды жоспарлап отыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, ол Воронеж облысының Богучар қаласының шетінде орналасатын болады. Нысанның құрылысы жайында қыркүйек айының басында белгілі болған. 

Жаңа база 5210 сарбаздың жатын орнымен есептелген. Онда сонымен үлкен оқу-жаттығу комплексімен бірге қару-жарақ сақтайтын қойма да болады екен. Украинадан 45 шақырым қашықтықта орналасатын бұл базаға 1300 әскери техника да орналастырмақшы.

Агенттіктің мәліметінше, база құрылысының бірінші кезеңі 2016 жылдың 29 сәуірінде аяқталуға жоспарланған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590