Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3907 0 пікір 25 Қыркүйек, 2015 сағат 08:21

РЕСЕЙ "ИСЛАМ" МЕМЛЕКЕТІНЕ СОҚҚЫ БЕРУІ МҮМКІН

Ресей авиациясы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымына АҚШ келісімінсіз бір жақты соққы беруі мүмкін. Бұл жөнінде Bloomberg Кремль мен қорғаныс министрлігіндегі көздеріне сілтеме жасап хабарлайды.  

Онда ақпарат көзі «Кремлге Мәскеу, Вашингтон, Иран және сириялық үкімет әскерлерімен бірге шешім қабылдаған ұтымды болар еді, егер де тараптар келісімге келе алмаса, Ресей бір жақты әрекет жасайтын болады»,- деген.   

Соңғы бірнеше аптадан бері әлемдік БАҚ Ресей Сирияда әскерлерін күшейтіп жатқаны жөнінде тұрақты хабарлап келеді. Нақтырақ, ресейлік әскерилер  Латакин әуебазасын қайта жасақтап жатқандығы айтылады. 22 қыркүйекте The Wall Street Journal спутник арқылы түсірген суреттер арқылы Сирияда екі ресейлік әскери базаның құрылысы салынып жатқандығынан айғақ келтіреді. 

Абай-ақпарат

0 пікір