Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4207 0 пікір 27 Қыркүйек, 2015 сағат 18:46

ҚҰРБАН АЙТ: ФУТБОЛ БӘСЕКЕСІ

Құрбан айт құрметіне шағын футболдан жарыс өтті, - деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі. 

Бүгін Алматыда қасиетті Құрбан айт мерекесі мен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жастар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Спорттық бәсеке «Football Land» спорт кешенінде жалауын көтерді. Шараның ұйымдастырылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Алматы орталық мешіті атсалысты. Сайыста Алматы қаласының аудан мешіттерінен келген 8 команда өзара жарысқа түсіп, мықтыларын анықтады.

«Осы тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі болашағы, елдің тірегі болып есептелетін қазіргі жастарымыздың имандылыққа деген бетбұрысы көңіл қуантады. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын ойлайтын, өзіне сенім артатын азаматтар Ислам дінінің құндылықтарын бойына сіңірген иманды жастардан шығатыны сөзсіз. Сол асыл құндылықтардың бірі мұсылмандардың арасындағы бауырмалдық. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Шын мәнінде мұсылмандар бауырлар», – дейді. Діни басқарма тарапынан қолға алынып отырған бұл шара жастардың бойына ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиетті сіңіру, жастардың бір-біріне деген бауырмашылдығы мен мейірімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Тартысқа толы ойынның нәтижесінде Наурызбай ауданы 1 орынды иеленсе, 2 орын Түрксіб ауданы командасының еншісінде, ал жарыстың 3 орынында Медеу ауданының командасы тұрақтады. Бірінші орынды иеленген командаға 60 мың теңге көлемінде, екінші орынға 40 мың теңге, ал үшінші жүлделі орынға 20 мың теңгеден сыйлық берілді.

Бұған қоса, жарыс шеңберінде үздік қақпашы, үздік шабуылшы және үздік қорғаушы номинациялары бойынша үздіктер анықталып, мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Aбай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532