Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 12854 0 пікір 28 Қыркүйек, 2015 сағат 00:22

ӘКЕСІ ТІРІ АДАМ САҚАЛ ҚОЙМАҒАН

Қазақта әкесі тірі адам сақал қоймаған ғой. Өткенде осыны жасы отыздан енді асқан бір намазхан досыма ақырындап айтып едім, ертеңінде ол сақалын күзеп, әп-әдемі қырма сақал қойып келіпті.

Әйтпесе алдындағы тоғыз тал сақалы сиқын кетіріп, сырттай оның мұсылмандық образын қоғамдағы қалыптасып кеткен әлгі бір сүйкімсіз стереотиппен байланыстырып тұратын. Жарасып тұрса үндемейсің ғой. Кейін өзі де:«Біз сыртқы формаға көбірек мән беріп кеткендейміз» дейді. Мүмкін біреулерге сапсиған сақалын қырса, иманы кеміп қалатындай (Оның иманмен қандай байланысы барына миым жетпеді) көрінетін шығар. Бірақ жасы қырықтан асып, әкесін соңғы сапарға шығарып салғанда ғана сақалын жіберсе, қатып-ақ кетер еді. Сонда кімнің, кім екені де сырттай білініп тұрады. Дінге енді бет бұрған жастардың осындай максималист болып келетіні бар. Бір нәрсені асыра істеуге бейім. Сосын бізде бабаларымыздан бері келе жатқан діни дәстүрдің үзіліп қалғанын білесіздер. Осының кесірінен діни вакум қалыптасып, әркім әртүрлі «ақидалардың» сойылын соғып кетті. Ұлттық әдет-ғұрыпты былай да қазір ешқайсымыз ұстанбаймыз ғой. Кимешекті де анау, кемпірлерге кигізіп қойдық. Енді жөнімен сақал қойған намазхандардың сақалына (бұл әркімнің жеке шаруасы) жармаса бергенді қойып, оған қатысты осындай нюанстарды ескеріп жүру керек сияқты. Әйтпесе қазір сақалы бар ағаларымызға тиісіп сөйлеу еріккеннің ермегіне айналып барады...

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір