Сейсенбі, 4 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 92662. Жазылғандар — 62511. Қайтыс болғандар — 1058
Жаңалықтар 1355 0 пікір 4 Маусым, 2010 сағат 10:08

Назарбаев үкімет пен инвесторлардың алдына 7 кадрлық міндет қойды

Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ - Ақжол Сәдешов. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев инвесторлардың назарын 7 кадрлық міндетті шешуге аударды.

«Біз индустрияландыру туралы айтып отырмыз, сол уақытта осы кәсіпорындарда кім жұмыс істейтіні туралы да айту қажет. Бүгін мен инвесторлар кеңесінің және әрбір инвестордың назарын келесі 7 негізгі мәселе мен міндетті іс жүзінде шешуге аударғым келеді», - деді Н. Назарбаев жұма күні шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында сөз сөйлеу барысында.

«Біріншіден, жұмыс орындарының санын айтарлықтай арттыру қажет. Сондай-ақ, қазақстандық орта буын менеджерлерімен, білікті жұмыскерлермен еңбек келісімшарттарына қол қою шетелдік жұмыс күшімен 90%/ 10% қатынасында болуға тиіс. Жоғарғы буын менеджерлері бойынша бұл көрсеткішті 70 де 30 деңгейінде қылуға болады», - деді Н. Назарбаев.

«Екіншіден, экономиканың нақты талаптарына сәйкес кадрларды дайындау және қайта даярлау бойынша озық аймақаралық орталықтарды құрып, салу қажет. Мамандарды сертификаттау, біліктілік беру бойынша салалық жүйелерді енгізу керек. Сонымен қатар, барлық салалар бойынша жетіспейтін мамандықтарды игеруге гранттардың санын көбейту қажет», - деп жалғастырды президент.

Сондай-ақ, жоғарғы және кәсіби техникалық білім деңгейінде мамандарды даярлаудың оқыту бағдарламасын өзгерту керек. «Халықаралық стандарттарды енгізетін кез келді. Сіздер, құрметті инвесторлар, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарына халықаралық стандарттарға ауысуға, нормативті-құқықтық негіз жасауға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға көмектесе аласыздар. Министрліктің тиісті жауапты органдары тығыз жұмыс жасау қажет», - деді мемлекет басшысы.

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың тапсырысы бойынша түрлі салалар үшін орта техникалық буын мамандарын даярлау тәжірибесін кеңейтуді төртінші міндет деп атады.

«Бесінші. Біздің кәсіпорындарда жұмыс істейтін менеджерлер мен мамандар үшін сіздердің шетелдегі беделді және озық компанияларыңызда техникалық тәжірибеден өту мүмкіндігін кеңейтуді сұраймын», - деді ол.

Президенттің пікірінше, ҚИИД бағдарламасы шеңберінде оқытушыларды, профессорларды, ғылыми кадрларды және инженерлік-техникалық қызметкерлерді қайта даярлау және біліктіліктерін арттырудың тиімді жүйесін жолға қою қажет.

Сондай-ақ, ол «Қазақстандағы еңбек нарығының ағымдағы және келешектегі қажеттіліктеріне тұрақты мониторинг жүргізу жүйесін құратын уақыт келді», ол еңбек нарығы дамуының халықаралық үрдістерін ескеріп, ҚР халқының ішкі еңбек көші-қонын ынталандыру қажет екенін айтты.

«Осы жеті тармақтың бәрін үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға артамын, олар инвесторлар кеңесінің мүшелерімен пысықтап, маған баяндасын», - деді Н. Назарбаев.

0 пікір