Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4282 0 пікір 28 Қыркүйек, 2015 сағат 17:57

СИРИЯДА 200 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОҒЫСЫП ЖҮР

ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Сирияда 200 қазақстандық соғысып жүргенін мәлімдеген, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов әлем елдері басшыларын «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымымен бірге күресуге шақырды.

Нью-Йоркте Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Ыдырысов Қазақстанда соңғы кезге дейін «фундаментализм мен экстремизмге қарсы қорғаныш болғанын», бірақ Қазақстанның көркеюінен елдің кейбір аймақтарында тұрғындардың санасына түрлі «сорақы иедялар» ене бастағанын айтқан.

Оның сөзінше, қазір шамамен 200 қазақстандық Сирияда соғысып жүр.

Ыдырысов АҚШ, Қытай, Ресей және Еуропа елдерін саяси бөлінуді жойып, Сирия мен Ирактың біраз аумағын бақылайтын ИМ тобы ықпалының артуын тоқтатуға шақырады.  Ол 28 қыркүйекте Нью-Йоркте Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Барак Обаманың кездесуіне үміт артады. Қос президент кездесуде ИМ-мен күрес тактикасын өзгерту жайын талқылауы мүмкін.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564