Жұма, 19 Сәуір 2024
Міне, көрдің бе? 5010 0 пікір 29 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӨБЕЙЕ ТҮСПЕК

Жетісудың ең шұрай­лы жерінен қоныс тепкен Талдықорған жыл өткен сайын көркейіп, көз тартар сәулетімен ерекшеленіп келеді. Жалпы қай жағынан алып қарасаңыз да заман талабына сай түрленіп, өсіп-өркендеген шаһарда қазір небір нысандар мен кешендер, көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп, әсем қалаға айналуда. 

Сондықтан да болар, құры­лысы қарқын алған өлкенің абат­танып, тіршілік тамырына қайта қан жүгіргені. Әрине, мұнымен шектеліп қалмақ емес. Өйткені, алдағы уақытта облыс орталы­ғында салы­натын жаңа үй мен ғимараттар қатары одан сайын толыға түспек. Осыған байланысты жақында Талдықорған қала­сының әкімі Ермек Алпысов пен «IZPEK» құрылыс ком­па­ния­сы директорлар кеңесінің төрағасы Озай Ипек ұзақ­мер­зімді екі жақты меморан­думға қол қойды. Айта кетейік, атал­мыш түркиялық компания Тал­дықорған қаласына жүз мил­лион доллар инвестиция құй­мақ. Бұл қаражат облыс орта­лығында салынатын көп­қабат­ты тұрғын үйлерге жұмсалатын болады.

Жалпы, құрылыс істері жүр­гі­зілетін алаң жүз мың шаршы метр­ді құрайды. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өз жоба-жос­пар­ларымен та­ныс­тырған түркия­лық инвес­торлар мәлім етті. Ал­ғаш­қы жұмыс қаланың Оңтүстік-Батыс ауданында жүзеге асы­рыл­мақ. Онда бой көтеретін алты үйдің отыз пайызы әлеу­меттік бас­паналар болады. Бұған азамат­тар «Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкінде» шот ашып, қаражат жинау ар­қылы қол жеткізеді. Ал қалғаны эконом және элит санатындағы үйлер. «Жібек жолы кешені» деп аталатын жо­ба құрылысы алдағы жылдың сәуір айында жүзеге асырылады.

 Озай Ипек, «IZPEK» құрылыс компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:

– Қазақстандағы құрылыс нарығын зерттедік. Сөйтіп, Талды­қорған қаласына ерекше тоқталдық. Өйткені шаһар жан-жақты дамып келеді. Осыны ескерген біздің сәу­летшілер қаланы одан сайын көріктендіретін бірнеше жоба ойлас­тыруда. Тұрғын үйлерге сапасы жоғары құрылыс бұйымдары қолданылатын болады. Жергілікті маман­дармен де етене жақын жұмыс істейтін боламыз. Бастап­қы кезде мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Құрылыс істері көп ұзамай басталады. Ал Оңтүстік-Батыс аудан­дағы тұрғын үйлер құрылысы 2018 жылы аяқталады деген болжам бар.

 Ал үстіміздегі жылдың қазан айында Талдықорғандағы кот­теджді қалашықтың құрылыс жұмыстары қолға алынады. Ермек Амантай­ұлының ай­туын­ша, бастапқыда елу үй салы­нып, қалғаны өз ретімен жүр­гізілмек. Осы құжат ая­сында аймақта құрылыс индус­триясы өр­кен­деп, қосымша жұмыс орын­­дары ашылады.

Abai.kz

 

0 пікір