Жұма, 29 Наурыз 2024
Рух 5497 0 пікір 30 Қыркүйек, 2015 сағат 09:17

АЛАШТЫҢ ТІЛІ АЛТЫ ТІЛМЕН ТАБЫСТЫ

ҚР Президенті Назарбаев БАҚ үшін АҚШ-қа сапарын қортындылап, БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзіне тоқталып өтті.  Елбасының БҰҰ-ның 70 жылдық мерейтойында қандай мәселелерді ортаға салып, қандай ұсыныс айтқанын біз бас тақырыпта жария етіп отырмыз (http://abai.kz/post/view?id=4828) . Сондықтан, қазақ қоғамы тарапынан қызу қолданып, талқыланған тақырыпқа көшейік.

Мемлекеттік басқару ісін үнемі орыс тілінде жүргізетін қазақ Елбасы БҰҰ мінберінде тұрып атамыз алаштың тілінде – қазақ тілінде сөйледі. Бастапқыда Президенттен мұндайды күтпегенін әлеуметтік желілер мен қазақ тілінде ақпарат тарататын сайттар жарыса жазып, соңынан  ризашылықтарын жасырмай ақтарып салды. Мысалы, әлеуметтік желідегі көп оқылатын жазбалардың авторы, ақын, Ult.kz сайтының құрылтайшысы Ақберен Елгезек былай дейді:

«БҰҰ-да қазақ тілінде баяндама жасаған Елбасы даусыз Алаш жұртын бір серпілтіп тастады. Қуанып отырмыз, жасырмаймыз.

Күтпесек те, Елбасы қазақ тілінде сөз алды. Ризамыз. Енді сыртта ғана емес, еліміздің ішінде де осы "керемет жаңалық" өз жалғасын тапса, шіркін! - деп қоямыз қиялдап».

Елгезек мырзаның жазбасымен мазмұндас сөздер кешелі бері қазақ тілді қоғамның аузынан көп айтылуда. Алайда, орыс тілді ағайын осы жолы дағдарып, өздерінің өркөкіректігін, өкпешілдігін білдіріп алды. Ортамыздағы жұрттың осындай ойын аңғарған әлемжелідегі отаншыл авторлардың бірі  Қанат Тұрысбеков: «Мен гуглға кіріп орысша нұсқасын тыңдадым. Астындағы пікір жазушылардың дені орыстар екен. Сол жерде олардың бетперделері ашылып, шын бейнелерін таныдым. Президент орыс тілінде сөйлеуі керек екен оларша. Президент орысқа жағымды саясат ұстанса ғана олар қолдап оны жақсы дейді екен. Мен бұрыннан аңғаратынмын, енді, осыны іс жүзінде өздері дәлелдеді. Бірақ, Президент елде де қазақ тілінде сөйлейтін болып, сол ұстанымды ұстанатын болса, жағдай көп оңалар еді. Біз түсінбейді дейтіндер түсінеді, керек болса сөйлей де алады қазақ тілінде. Бірінші мәселе - ол шалақазақтарды ояту деп білемін. Тіліміздің тамырына қан жүгіртер ең басты төте жол сол. Елбасының қазақ тілінде сөйлегеніне менің де кеудемді қуаныш кернеп, риза болдым. Қалың қазақтың ертеңге деген сенімін оятып, дүр сілкіндірді. Біз сондай халықпыз ғой. Бұйығып жатқан намыс, жігер-қайратымыз бір-ақ сәтте лап етіп тұтанып жалынға айналады. Қуаныштарыңызға ортақпын. Ертеңімізге сенімімізді жоғалтпайық!».

... Сонымен алаштың тілі БҰҰ мінберінен «сөз алатын» алты тілмен табысты, иық теңестірді. Кемелділігін, көркемдігін әйгіледі. Адамы табылса,ең бастысы  ниет болса, саясаттың тілі екендігін ұқтырды. Көршімен арадағы геоахуалдың мінәйі тұстарынан қалайша  шылбыр үзіп, шырқап шығанға шығудың мүмкіндігін де сездірді.  Өзінің қазақ тілінде сөйлегенін ҚР Президенті: ««Менің мемлекеттік тілдегі сөзім, оның Ұйымдағы барлық ресми алты тілге ілеспе аударылуы да жақсы нышан болды», - деп қортындылады. Енді осы жақсы нышан іләйім  жалғасын табар берсе екен.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2271
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584