Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5072 0 пікір 30 Қыркүйек, 2015 сағат 11:49

КАРАБАХТА АТЫС ӘЛІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Таулы Карабахта атыс әлі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Арменияның қорғаныс министрі Сейран Оганян кеше кешкісін Таулы Карабахқа келді. Ресми хабарламаға сәйкес, Оганян мен Таулы Карабах президенті Бако Саакян әскери құрылыс жөнінде талқылайды. 

Таулы Карабахтан келген ақпарат бойынша, кеше түнде тағы атыс болған.

"Жағдай салыстырмалы түрде қалыпты. Бірақ қарсыластар оқ атуларын қоймай жатыр. Мысалы, кеше қарсыластар 100-ден астам оқ жаудырды. Қуанышқа қарай, бізде ешқандай шығын болмады", - дейді Таулы Карабах президент әкімдігінің басшысы Давид Бабаян.

Оның сөзінше, әзербайжан тарап миномет зеңбірегін қолдануды жалғастырып келеді. Түнде Армения мен Әзербайжан шекарасында да мылтықтың дауысы естілген. Бірақ алдыңғы күндерге қарағанда азайған.  

Өткен аптада әзербайжан тарапынан ракета арқылы атылған оқтан жараланып, Ереванға жеткізілген алты сарбаздың жағдайы орташа деп бағаланып отыр. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3509