Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Ақиқатқа қиянат 10725 0 пікір 1 Қазан, 2015 сағат 13:09

МИНИСТРЛІК ҚАМБАР БАТЫРДЫҢ "АЛҚАШ ЕКЕНІН" ДӘЛЕЛДЕДІ

Еліміздің ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің қолданушылары қазақ мектептеріндегі 9 сыныптарға арналған әдебиет хрестоматиясындағы жыр жолдарына наразылық білдіріп, Білім министрлігін сын тезіне салған болатын.

Аталған кітапта Әбубәкір Диваевтың "Қамбар батыр" жыры жарияланған. Оқулықта эпос батыры алқаш және шылым шегетін адам ретінде суреттелген. 

Алайда, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері бұл туындының 19 нұсқасының бар екендігін айтып, оның 11-12 нұсқасы ғылыми айналымға түскенін жеткізді. "Оқулыққа енген жыр нұсқасы ең алғаш 1864 жылы Қазан қаласында басылған. Одан соң 1922 жылдардың шамасында Ташкент қаласында басылған. Осы нұсқалар Әбубәкір Диваев нұсқасы делінеді" дейді министрліктегілер. 

"Осы Диваев нұсқасы Елбасының қолдауымен 2008 жылы шыққан 100 томдық "Бабалар сөзінің" 43-ші томында, яғни "Батырлар жырында" "Қамбар батыр" жырының мәтіні берілген. Кітаптың 43-бетінде хрестоматияға берілген мәтін сол күйінде жарияланған. Сонымен бірге, 1957 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы шығарған "Қамбар батыр" жырының 49-бетінде осы мәтін сол күйінде берілген. Хрестоматия құрастырушылар осы Ғылым академиясы шығарған 1957 жылғы және 2008 жылғы “Бабалар сөзі” кітаптарына сүйеніп, соны басшылыққа алған", - деп хабарлады ҚР БҒМ өкілдері. 

"Ал осы мәтінді хрестоматияға енгізгенде оқушыларды жаманнан жиренуге және керек емес нәрсені өздері іріктеп, әрі қарай басқа да нұсқалармен салыстыруға бейімдеу. Жырдың көптеген нұсқасы барын және оның көркемдігін мұғалімдер оқушыларға оқулық арқылы түсіндіреді. Сол себепті де ұлттық мұрамыздың мәтінін бұзбай, сол күйінде беру біздің парызымыз", - делінген министрлік хабарламасында.

Эпостық жырдағы "керек емес нәрсені" оқушы қалай іріктейді? Олар басқа нұсқаны қайдан алып салыстырады? Түсініксіз. Кеше ғана "Қырымды Ресейге сыйлап", артынша қателікті түзеуге шешім шығарған министрлік Қамбар батырға келгенде неге батыр бола алмай қалды? Сонда министрліктің өзі Қамбар батырдың "алқаштығын" мойындағаны ма? Сұрақ көп, жауап жоқ...

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2254
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3521