Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3556 0 пікір 2 Қазан, 2015 сағат 10:54

АҚ ҮЙ: РЕСЕЙ СИРИЯДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ УШЫҚТЫРУЫ МҮМКІН

Ақ үй Ресей Сириядағы жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін деді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест егер Ресей шын мәнінде "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы күресті нысанына алса, онда АҚШ жетекшілік ететін 65 мемлекет мүше коалицияға өзінің үлесін қосқаны болып саналады деді.

Эрнестің сөзінше, Ресейдің Сирия оппозициясына қатысты алдын-ала тексерілмеген әскери операциясы Ресей үшін қауіпті болмақ. АҚШ әкімдігінің өкілі бұл тек Сириядағы азаматтық соғысты одан сайын өршіте түседі деп есептейді.

Абай-ақпарат

0 пікір