Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4378 0 пікір 2 Қазан, 2015 сағат 10:57

БҰҒАТТАЛҒАН САЙТТАРДЫ АШУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

ЫҚЫҰ Астанадан бұғатталған сайттарды ашуын сұрайды. 

Сөз бостандығы жөніндегі ЫҚЫҰ өкілі Дуня Миятович Қазақстан билігін Ratel.kz және Zonakz.net сайттарына кіруді қалпына келтіруге шақырды.     

Ол сайттарды бұғаттау, азаматтардың ақпарат алу еркіндігін бұзып, сөз бостандығын шектейді деп мәлімдеді.

Дуня Миятович өзінің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовқа жолдаған ашық хатында Adam журналы мен Nakanune.kz сайтының басындағы жағдайға да араша түсіп, алаңдайтынын білдірді.

Adam журналы редакциясынан сот шешімі арқылы үлкен көлемде сома өндірілмек. Онда ҰҚК генерал-майорының ар-намысын қорғау туралы талап-арызына қатысты 50 миллион теңге өтемақы төлеу міндеттелген.

Ал Nakanune.kz сайтына "Қазкоммерцбанктің" талап-арызы бойынша сот арызданушыға 20 млн теңге төлеу жөнінде шешім шығарған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3542