Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4307 0 пікір 2 Қазан, 2015 сағат 11:03

СИРИЯДА ИРАННЫҢ ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРІ ШАБУЫЛҒА ШЫҚПАҚШЫ

Сирияда енді Иранның құрлық әскерлері шабуылға шықпақшы. 

Башар Асад билігіне көмектесу үшін Сирияға Иранның әскери күші келді деп хабарлайды бейсенбі күні кешкісін Reuters өзінің сенімді ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Онда Ресейдің әуе соққысы Сирияның құрлық әскері мен оның жақтастырының шабуылымен жалғасатындығы айтылған. 

Бұл опеарция 2015 жылдың басында шайқас кезінде Башар Асад билігі айырылып қалған солтүстік-батыс Сирияны қайтарып алу мақсатын көздейді.

Ресейдің ВВС ұшақтары бейсенбі күні де Сирияда әуе соққыларын жалғастырды.

Абай-ақпарат

0 пікір