Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жөн-ақ 6657 0 пікір 2 Қазан, 2015 сағат 13:42

ЧО ЕНГ ЧОН, КОРЕЙ ЕЛШІСІ: ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ – АНА ТІЛІҢДІ БІЛУ

Кореяның Қазақстандағы елшісі ЧО ЕНГ ЧОН «Айқын» газетінің журналистеріне сұхбат берді. Елшілік қызметіне жаңадан кіріскен дипломат кәріс халқы мен қазақ ұлтының арасындағы жақындықты, ұқсастықты әңгімелей келіп, адам өміріндегі ана тілдің алар орны жайлы ойларын ортаға салған. Біз елшімен болған сол сұхбатты сәл ықшамдап, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

 – Мәртебелі елші мырза! Бізге сұ­х­бат беруге келіскеніңіз үшін ал­ғы­сымызды білдіреміз. Біздің елде елшілік қызметіңізді жақында ғана бастапсыз. Келген қадамыңыз құт­ты болсын! Бізді Қазақстанмен қан­­шалықты таныстығыңыз қы­зық­тырады.

– Тағайындалғаннан кейін ең ал­ғашқы алған әсерім – Қазақ­стан­ның серпінді дамып келе жат­қан көрінісі болды. Атап ай­тар болсақ, Қазақстанның ұзақ мерзімді индустриялық әр­та­рап­тан­дыру және инновациялық даму стратегиясы үшін әртүрлі сая­сат негізінде елді ілгерілетіп отыр­ғаны таңданарлықтай. Әсі­ре­се, Астананың 2017 жылы ЭКСПО-ға дайындық шарасын жүргізу барысында тез арада гүл­деніп келе жатқанына куә болу­дамын.

– Қазақтар мен корейлердің мә­дениеті ұқсас көрінеді. Сіз ал­ғаш­қы күннен бері не байқадыңыз? 
– Менің ойымша,Оңтүстік Ко­рея мен Қазақстанды мәдени тұрғыдан алып қараcақ, отбасы және бала тәрбиесі, үлкенге деген құрмет пен бейбітсүйгіштігі бір-біріне қатты ұқсас. Осындай ұқсастықпен қатар, қа­зақ халқының корей халқымен бет-келбетінің ұқсастықтары да ба­сым болғандықтан, өзімді елім­де жүргендей сезінемін. 
– Бұрын елшілік қызметте бол­ған Пэк Чу Хен мырза әрдайым қа­­зақы ортада қазақша аман­дасу­шы еді. Ол кісі әрдайым ресми кеш­терде қазақша сөйлеп таңғал­дыратын. Мұны айтып отырған се­бе­біміз, Кореяда мемлекеттік қыз­меттегілерге ана тілін немесе қыз­метке баратын елдің тілін білу мін­деттеле ме?
– Шет тілін білу қабілеттілігі лауазымды тұлғалар мен дипло­ма­т­тардан талап етілетін қабілет­тің бірі және сол шет тілін белгілі деңгейде білу маңызды болып са­налады. Бірақ соның ішінде ең маңыздысы – ана тіліңді білу. Министрлік немесе қандайда бір мемлекеттік органда жұмыс жа­саған жағдайда, корей тілінде түсіндіріп, корей тілінде сөйлеу қажет. Дипломаттар жұмысын өзге шетел тілінде атқармайды. Дип­ломат пен мемлекеттік қыз­меткердің атқаратын қызметінің басым бөлігін: есептер, Word құ­жаты, стратегиялық мақалалар, жоспарлар, баспасөз хабарла­ма­лары, деректер құрап, олардың көпшілігі корей тілінде жазылады. Шет елдердің елшіліктерінде қыз­мет атқарғанда, ұйымның ор­талық мекемесіндегіден гөрі шет тілін көбірек қолданады. Бірақ бас­қа тараптың айтқан сөзін ұғы­ну, анықтама беру, сол ақпаратты хабарлау, жазбаша жұмыстар – осының барлығы корей тілінде атқару қабілетіне негізделген. 
Осыған байланысты, Қазақ­станда мемлекеттік тілге үлкен мән беретін Елбасы Назарбаевтың саясаты өте маңызды әрі қолайлы деп есептеймін.

– Корей халқында еңбек­қор­лық қанында бар ма, әлде нарық­тың талап етуінен қалыптасқан әдет пе? 

– Қазақ халқынан корей хал­қының айырмашылығы – корей­лер ауыл шаруашылығымен көп­теп айналысуында. Кореядағы ауыл шаруашылығы деген ұғым маусым мен уақытқа қарамай, міндетті түрде атқарылуы керек жұ­мысты ыждағатпен орындау бо­лып табылады. 1960 жылға дейін кедей бол­ған ко­рей халқы 1970-80-жыл­да­ры еңбексүйгіштіктерінің арқа­сында қысқа мерзімде экономи­калық даму мен индустриялан­дыру­ға қол жеткізе алды. Атап өтер­лік қа­ғида – еңбекқорлық қа­нымызда бар қасиет. 

– Сұхбатыңызға рақмет. Жұ­мы­сыңызға табыс тілейміз!

 Сұхбаттасқан Жолдасбек ДУАНАБАЙ, Дастан АҚАШ

 «Айқын газеті»

0 пікір