Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2622 0 пікір 4 Маусым, 2010 сағат 10:00

Оппозиция «Ұлт лидері» жобасы 2011 жылға қалдырылды деп есептейді

Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ- Әділ Орманов. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлт лидері мәртебесін беру жөніндегі заң жобасы 2011-ші жылға қалдырылды. «Азат» жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) тең төрағаларының бірі Болат Әбілов осындай деген пікір білдірді. 

«Мен ЕҚЫҰ төрағалығы кезеңінде мұның барлығы (ҚР президентіне ұлт лидері мәртебесін беру - ҚазТАГ) іске аспауы мүмкіндігін жоққа шығармаймын. Ал келесі жылы әлемнің Қазақстанға назары әлірегенде мұның барлығы қайтадан іске асады. Келесі жылы тынышырақ, сабырлы болады», - деді Б. Әбілов ҚазТАГ-қа берген сұхбатында.

Президенттің шешіміне сыртқы саяси жағдай әсер етті деген пікірмен «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов те келіседі.

«Егер президент оған берілген заң жобасына қол қойған болса, онда Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу ықтималдығы көп есеге төменгеден болар еді. Және президент мұны жақсы түсінеді», - деді ол.

Ә. Байменов «президент өзінің әрекетімен парламент пен «Нұр Отан» партиясы  ел саяси сахнасына жеткілікті субъективтігі жоқ екенін көрсетті», деп отыр. «Оларда саяси шешімдердің өзіндік көзқарасын тудырып және өмірге әкелу мүмкіндігі жоқ», - деп атап көрсетті ол. 

Бұл тұста, «Азат» ЖСДП тең төрағасы Жармахан Тұяқбай осы қалыптасқан жағдайда осы заңға байланысты заңгерлік тұсына назар аударды.

Ол әзірге президент осы заңға вето қойған-қоймағандығы туралы нақты және дәл ақпарат жоқ екенін атап көрсетті.

«Егер вето қойылса, парламент мемлекет басшысының ветосын бұзу керек па, жоқ деген мәселені шешуі тиіс. Ол, егер заң үшін депутаттардың үштен екісі қолдап дауыс берсе, мүмкін болады. Егер вето жоқ болса, онда мұның бәрі - бос әңгіме. Бір айдың ішінде бұл заң автоматты түрде күшіне енеді», - деп тұжырымдады Ж. Тұяқбай.

0 пікір