Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4116 0 пікір 5 Қазан, 2015 сағат 13:40

БЕЛАРУСТЕР ЕЛДЕ РЕСЕЙЛІК ӘСКЕРИ БАЗАНЫҢ САЛЫНУЫНА ҚАРСЫ

Минскіде өткен жексенбі күні Беларусь аумағында ресейлік әскери база салынуына қарсы болғандардың рұқсат етілмеген акциясы өтті. Оған шамамен 500-ге жуық адам қатысты.

Жиналғандар алдында президенттікке экс-кандидат Николай Статкевич сөз сөйлеп, Ресейдің база салу жоспарының Украинаға тікелей қатысы бар екенін және Киев пен НАТО-ның көзқарасының оң болмайтынын атап өтті.

Қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин үкіметтің Беларусь аумағынан әскери әуе базасын салу және Минскімен келіссөз жүргізу жөніндегі келісімді мақұлдаған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір