Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Тажал-Ғазал 7161 0 пікір 5 Қазан, 2015 сағат 21:49

ПУТИНГЕ ҚЫРШЫННАН ҚИЫЛҒАН 300 БҮЛДІРШІН ЛАҒНЕТ АЙТАДЫ

ЖҮРЕГІ ӘЛСІЗ ЖАНДАРҒА СУРЕТТЕРДІ КӨРМЕУГЕ КЕҢЕС БЕРЕМІЗ

Ресей мемлекеті Сирияның басшысы Башар Асадтың билігін сақтап қалу үшін барын салып, бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндерді қырып тастады.

«Ислам мемлекеті» содырларына әуеден соққы береміз» деген желеумен хиямиялық шабуыл жасаған Путиннің бұл бүлігі қазір әлемдік ақпарат құралдарында кең талқыланып жатыр. Әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан мына суреттерге қараңызшы. Бейкүнә сәбилерді «Ислам мемлекетінің» содыры дей аласыз ба? Бұл балақайлардың мезгілсіз ажал құшатындай қандай күнәсі бар еді? Бақытты ғұмыр кешуге хақылы балапандардың өліміне кім, қашан жауап береді? Құдай сақтасын, халықаралық саясаттағы басты әріптесіміздің сыйқы осындай?

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz


0 пікір