Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4161 0 пікір 6 Қазан, 2015 сағат 15:09

СNN: РЕСЕЙ ӘУЕ ОПЕРАЦИЯСЫН ЖЕРДЕ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

CNN: Ресей Сириядағы әуе операциясын жерде жалғастыруы мүмкін.

АҚШ қорғаныс министрлігі Сирияда қазіргі президент Башар Асадтың билігін қорғау мақсатында, Ресей әскері құрлық шабуылына дайындалып жатқанын жоққа шығармайды.

Бұл жөнінде дүйсенбі күні CNN Пентагондағы ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады. Олар Ресейдің Сирияның батысына жасаған соңғы әрекеті әскерлерінің жер контингентіне қарай ауысқанын көрсетеді деген. Телеканал сонымен бірге ресейлік қарулы күштердің Холмс мен Идлиб қалаларының ортасына зеңбірек орнатып жатқаны байқалған деген ақпарат таратты. 

Пентагонның болжамы бойынша, құрлық операциясы таяу күндері басталуы мүмкін.

30 қыркүйектен бастап Ресей Сирияда әуе операциясын жүргізіп жатыр. 

АҚШ және өзге елдер ресейлік әуе соққы Башар Асад билігіне қарсы оппозицияға жасалған әрекет деп қауіптенеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1580
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606