Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3692 0 пікір 6 Қазан, 2015 сағат 15:13

ПОРОШЕНКО "ӘР ЖАПЫРАҚ" ЖЕР ҮШІН КҮРЕСЕТІНІН АЙТТЫ

Порошенко Украинаның «әр жапырақ» жері үшін күресетінін мәлімдеді .

Украина президенті Парижде өткен «нормандық төртеудің» кездесуінен кейін, өзі басқарып отырған үкіметтің Донбасты Украинаға қайтару мақсатында жұмыс істейтінін мәлімдеді. Әрі бұл мақсатының жүзеге асатынына сенім білдіреді.

Украина заңдары бойынша сайлау өткізбей, саяси жағдайды реттемей, украиндық БАҚ-ты қайтармай, Донбасты арашалап алу мүмкін емес»,– деді ол.

Дегенмен, Порошенко «Конституцияның кепілі» ретінде, Украинаның «әр жапырақ жері» үшін күресетінін айтып, алдымен Донбасты, сосын Қырымды қайтарып аламыз деді.  

Порошенконың сөзінше, Украина аумағының тұтастығы барлық тарап өзара бітімге келген кезде жүзеге асады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610