Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2524 0 пікір 4 Маусым, 2010 сағат 09:50

Президент үкіметке елдегі ірі кәсіпорындардың барлығына модернизация жүргізу қажеттілігі бойынша аудит жүргізуді тапсырды (толықтыру)

Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ - Ақжол Сәдешов.  ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке елдегі ірі кәсіпорындардың барлығына мемлекеттік қарқынды индустриялық даму бағдарламасы шеңберінде модернизациялау қажеттілігі бойынша аудит жүргізуді тапсырды.

«Үкіметке барынша қысқа мерзімде Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың барлығының негізгі өндірістік қорларын жаңарту тиімділігіне толық аудит жүргізуді тапсырамын», -  деді Н. Назарбаев жұма күні Алматыда шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.

Оның нәтижесі бойынша пәрменді шараларға кірісуге болады. Бұл үшін мысалы, осы нашар кәсіпорындардың активтерін қарқынды модернизациялаудың үздік жобасына ашық конкурс жариялауға болады.

«Бұл конкурстың қорытындысын шығару үшін біздің және шетелдің үздік мамандарынан беделді тәуелсіз комиссия құруға болады», - деді мемлекет басшысы.

«Бұл конкурста жеңіске жеткен жобалар әр кәсіпорында жүзеге асыруға ұсынылады. Бұл жерде шетелдік қатысуы бар, жеке меншік және отандық кәсіпорындар туралы сөз болып отыр», - деді ол.

«Бұл байқауда модернизациялау бойынша үздік жоба ұсынған адам активтердің иесі болмаса, кәсіпорынның қазіргі иесі жоба авторына ұқсас жаңарту жүргізу қажет. Немесе басқа әдісті пайдалансын немесе орнын басқаға босатсын. Бізде басқа амал жоқ. Жаңар немесе жолдан кет, бұл - уақыт талабы. Бүгінгі заманның ұраны осындай», - деп қорытындылады сөзін президент.

0 пікір