Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4205 0 пікір 7 Қазан, 2015 сағат 09:01

АЙСҰЛТАН "ПРЕЗИДЕНТ" БОЛА АЛМАЙДЫ

ҚФФ-ның маңынан ашылған «Қазақстан футболының ардагерлері» қоғамдық қорының президенті Диас Омаровтың ойынша, Айсұлтан Назарбаевқа отандық футболдың басшысы болуға әлі ерте, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қазақстандық танымал комментатордың пікірінше, спорттың бұл түрінің қиындықтары өте көп, ал Айсұлтан Назарбаев үшін жастық шағында мұндай күрделі мәселелерді шешу оңайға соқпайды.

“Мен оны толықтай танымаймын, бірақ, меніңше, ол әлі жас. Мұндай жаста федерация басшылығында отырған Айсұлтанды елестете де алмаймын. Иә, ол жастар құрамасында футбол ойнады. Алайда басшылыққа өту үшін бұл тәжірибе аздық етеді”, – деді Омаров.

Сондай-ақ «Қазақстан футболының ардагерлері» ҚҚ-ның жетекшісі жас кандидатты УЕФА президенті Мишель Платинимен салыстырды.

“Өз кезегінде француз азаматы президенттік таққа отырмас бұрын көп жылдар бойы УЕФА және ФИФА комитеттерінде қызмет етті. Тек содан кейін ғана басшылыққа тағайындалды, – деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетсек, елбасының немересі ҚФФ-ның президенттігіне кезектен тыс сайлау өткізу туралы ұсыныс тастаған болатын. Ал үміткердердің бірі ретінде өзін таныстырды.

Абай-ақпарат

0 пікір