Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4522 0 пікір 7 Қазан, 2015 сағат 14:09

КӨП НӘРСЕДЕН ШОШИ БАСТАЙДЫ ЕКЕНСІҢ...

Өткенде бір орыс тілін оқыту туралы ғылыми жиынға кіріп қалдық. Өмір бойы сол орыс тілін оқытып келе жатқан, жасы сексенге келген қазақ кемпір (бұрын кемпір деген дөрекі сөз болмаған деседі) былай деді:

"Орыс тілін, ағылшын тілін оқу керек, бірақ қазақ тілін білмей қалған адам - өте үлкен рухани байлықтан құр қалады".
Шіркін-ай, ертегі тыңдап, жыр-дастан оқып өскенім қандай жақсы болған деп ойлап отырмын енді. "Шырылдаған қазақ жанының сұлулығын" түсінбестен, өмірдің мәнін іздеп, пәлсапа соғып жүрер ме едім... Тіпті, қазақша білмейтіндердің көбі, және қазақша білсе де қазақылықтан кеткен көп адам түбі жағдайы жақсарса гринкард жасатып, қолдан келсе азаматтығын алып, жағдайы жақсы бір елге кетіп қалатындай сезіле бастады. 
Оқуға барған жерінде тұрмысқа шығып, қалып қойып жатқан қыздардың оқиғасын естігенде, байыған соң көшіп кетіп жатқан, жеген соң қашып кетіп жатқандар туралы ақпаратты біліп алған соң, арасында осылай бір күй билегенде осындай ойлар келіп, көп нәрседен шоши бастайды екенсің...
(550 жылдықты тойлап жатқанда не айтып отыр демеңіздер, мен тойдың 550-мен біткенін қаламайтын адаммын...).

Арман Әлмембет

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір