Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 13278 0 пікір 28 Қазан, 2015 сағат 03:00

ОҚО: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Төлеби аудандық прокуратурасының ғимаратында 27.10.2015 жылы аудандық прокуратура жанынан құрылған заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамдық Кеңес мүшелерінің, аудандық әкімдік қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуында Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының сақталу жағдайына және оның алдын алу жолдарын талқылау жөнінде дөңгелек үстөл өткізілді, - деп хабарлайды ОҚО облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Дөңгелек үстөлдің мақсаты аудан аумағында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының әлі де болса толастамай жатуының себебін анықтау және оның жолын кесу.

Дөңгелек үстөл барысында аудандық прокуратурамен сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және онымен күрес бағытында атқарылған жұмыстары, аталған құқық бұзушылықтарға жол берген лауазым иелері және оларға заң талаптарына сәйкес қолданылған тәртіптік шаралар жөнінде сөз етілді.

Өз сөзінде аудан прокуроры сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде, аудандық білім бөлімінде, сондай-ақ сот орындаушылар бөлімдерінде орын алу жағдайлары анықталып, прокуратура тарапынан кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті ықпал ету шаралары қолданылғанын жеткізді.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністерімен күрес басымды бағыттардың бірі болып айқындалған және қазіргі таңда, әрекет етіп жатқан заңнамлар да бұл құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік мәселесін қатаңдатып келеді.

Сондай-ақ, Республика аясында қолданылып жатқан заңнамалардың өздері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жағдай жасауы мүмкін нормалардан арылып, құқықтық Қазақстанның дамуына тікелей бағытталып отыр.

Азаматтық қоғамның белсенді мүшелері дөңгелек үстөл тақырыбы мен мақсатының тереңдігін және маңыздылығын атап өтіп, мұндай келеңсіздікке жалпы қоғам болып жол бермеу, індеттің жолын кесу әрбір азаматтың парызы екендігін баса айтты.

Еліміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени және құқықтық тұрғыда дамуында тежегіш фактор ретінде әсер ететін сыбайластық жемқорлық деректерін түбегейлі жоюға бағытындағы жұмыстардың жеткіліксіздігі, дегенмен мемлекет тарапынан бұл құқық бұзушылықпен күресте тиімді механизмдер қарастырылғаны сөз етілді. 

Мысалы, мұндай механизмдердің бірі ретінде Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 7-бабында сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады,сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам ҚР Үкіметікөздеген тәртiппен көтермеленедi деп көрсетілген.

Көрсетілгендермен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi делінген.

Дөңгелек үстөл соңында іс шараға қатысушылар өз тараптарынан мұндай келеңсіздіктерге көз жұма қарамайтындығын жеткізді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3531