Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 4638 0 пікір 28 Қазан, 2015 сағат 03:00

ОҚО: ЕЛ АҒАЛАРЫ ТҮЛКІБАСТЫ АРАЛАДЫ

Ұлттық салт-дәстүрді жастар арасында насихаттау, ұл мен қыз тәрбиесінің рөлін арттыру, ел ішінде ұлтаралық татулық бен бірлікті насихаттау мақсатында облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен «Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат» тақырыбы аясында ауданға Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,  жазушы-журналист Мархабат Байғұт бастаған бір топ ел ағалары іс-сапармен келіп, ауданның бірқатар нысандарын аралады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Алдымен Түлкібас ауданы, Тастұмсық ауылындағы  әкімшілік ғимараты жанынан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасына берілген бөлмесі   мен аудандық «Нұр отан» партиясының ғимараты жанынан аудандық әжелер алқасына берілген бөлмесін аралады, ардагерлердің тынымсыз еңбек етуіне барлық жағдай жасалғанын көріп, өткен жылы 20 млн теңгеге салынған Т.Рысқұлов ауылындағы ардагерлер саябағына 20 түп ағаш отырғызды.

Іс-шараның жалғасы  Алаштың жоғын жоқтап, мұңын арқалаған қазақ халқының ұлы перзенті, қоғам және мемлекет қайраткері Т.Рысқұловқа аудан басшысының ұйытқы болуымен халықаралық даңғыл жолдың  бойында Алаштың арда азаматына қойылған еңселі ескертіште жалғасып, ескерткіш жанынан арша отырғызып, гүл шоқтарын қойды. Ескерткіште ал ағалары жазушы М. Байғұт, ғалым, тұрартанушы Ордалы Қоңыратбаев сөз сөйлеп, осындай ел ішінде еңселі ескерткіш тұрғызған аудан азаматтарына  ризашылықтарын білдірді.  Ескерткіш   мүсінінің іргетасынан бастап ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі 10,20 метр.  Алып ескерткішке демеушілер есебінен 27 млн теңгеге қаржы жұмсалды.

Қасиетті туған жерінде емес, атамекеннен жырақта бақилық болған Т.Рысқұловтің әкесі Рысқұлдың қабірін қайта жаңғыртуды аудан әкімдігі қолға алып, демеушілер есебінен қаржы бөліп  Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылындағы ескерусіз қалған бейітті мәрмәр тастан қашалған ескерткіш   орнатып, айналасы қоршалды. Батыр баба бейітіне туған жердің топырағы салынып, ас берілгені айтып кеткен жөн.

Іс-шараның жалғасы аудандық мәдениет сарайында жалғасып, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Ұрзада Айтөрева, жазушы журналист М.Байғұт  сөз сөйлеп, ұлттық салт-дәстүр жайында өзекті пікірлір айтылды. Тарихы маңызы зор, тәрбиелік мәні бар көріністер көрсетіліп, ән шырқалды.

Жалпы Түлкібас ауданында    биылғы ауданның 7 ауылында демеушілір есебінен жалпы құны 26 млн теңгелік саябақтар мен аллеялар ашылды. Саябақтарды айналасы қоршалып, абаттандырылған, ауыл қарияларының демалуына жағдай жасалған.    Сонымен қатар ауыл әкімшілік жанындағы ардагерлер мен әжелер алқасына барлық ауылдық округ,поселке әкімшіліктерінде арнайы бөлмелер берілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576