Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4140 0 пікір 28 Қазан, 2015 сағат 10:13

КУЛАГИН КАЛАЧИЛІКТЕРДІ ҚУЫП ШЫҚТЫ

Ақмола облысының әкімі Кулагин көмек сұрап келген Калачи ауылының тұрғындарын кабинетінен қуып шықты деп хабарлайды nur.kz сайты.

Атышулы Калачи тұрғындары ақыры Кулагиннен сөз естіп тынды. 4 жылдан бері дерттеріне дауа таба алмай жүрген ауылдықтар Ақмола облысы әкімінің қабылдауына кірген болатын.

Жұрт көшуге қарсы екендерін айтып, жалғыз мектептің жайын да сөз ете бастап еді әкім бірден ашуға мінді деп хабарлайды КТК арнасы.

“Вы дурака не валяйте, вы мне уже надоели. Я Вас предупреждаю, я не угрожаю. Но вы если будете баламутить, я вас на место поставлю. Имейте в виду я как аким говорю. Не баламудьте”, – деді ашуланған Сергей Кулагин.

Көмек сұрап келген калачиліктер облыс басшысынан осылайша сөз естіп қайтты. Ал ұйқы ауруынан әбден қажыған ауыл тұрғындары сырқаттың себебі анықталар деп күткен. Бірақ, осы уақытта сансыз сабылған комиссия су, ауа мен топыраққа дейін тексергенімен, нақты қорытындыға келе алмады.

Соңғы рет биылғы сәуір айында байқалған ауру сәл саябырлаған сияқты ма, тұрғындардың көпшілігі ауылын тастап кеткісі жоқ. Оның үстіне салынып жатқан баспана басыбайлы емес, жалға берілетінін естіген. Осы жағдайды ауылдықтар облыс әкіміне жеткізбек болған екен.

“Облыс басшысынан мынадай сөз естимін деп күтпеп едім. Жағамды ұстадым. Егер арқа сүйер әкімі осылай сөйлессе, өзгесінен не күтеміз. Калачиге 12 рет бардым дейді. Бірақ, ешқашан бізді тыңдап көрген жоқ, ылғи аузымызды жабады”,- дейді Калачи ауылының тұрғыны Елена Кухта.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522