Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2663 0 пікір 2 Маусым, 2010 сағат 02:10

Сәкен Бозаев. Бүркеу бұлтты жел қуар...

20 ғасыр басында Нармамбет  ақын :

- « Қуандық түнде  жүріп күн шығар деп,

болса да бүркеу бұлтты жел қуар деп» деген екен.

Сол айтқандай үміт еткен тәуелсіздік пен азаттықты алсақ та   балықты жағаға шығарып, енді өзің жүз деп, діңкелеген   балықшының кейіпін танытып отырған сияқтымыз.

 

Бірде Бейбарыс Сұлтанға ұстазы: «...мен енді сұлтанмын деп, билікке жеттім, қалағаныма енді шек қойылмайды десең қателісесің, қыпшақ. Шексіз билік өзіне де, өз айналасындағыларға да сенбейтін, бәрін бір өзіне бағындыруды қалайтын қорқақтарға керек», - деген екен. / Е.Тұрсынов «Мамлюк»/

 

Қай кезеңде де өз дәуірінің өркениетін алға апарып дамыта алатын с тұлғаларды көсемдік деңгейге көтеруге сұраныс болып тұрған. Сондай сұраныс болу керек, шуылдаған қара тобыр не десе, о десін дегендей түр танытып, мәңгілік тұлға жасағалы жатырмыз.

20 ғасыр басында Нармамбет  ақын :

- « Қуандық түнде  жүріп күн шығар деп,

болса да бүркеу бұлтты жел қуар деп» деген екен.

Сол айтқандай үміт еткен тәуелсіздік пен азаттықты алсақ та   балықты жағаға шығарып, енді өзің жүз деп, діңкелеген   балықшының кейіпін танытып отырған сияқтымыз.

 

Бірде Бейбарыс Сұлтанға ұстазы: «...мен енді сұлтанмын деп, билікке жеттім, қалағаныма енді шек қойылмайды десең қателісесің, қыпшақ. Шексіз билік өзіне де, өз айналасындағыларға да сенбейтін, бәрін бір өзіне бағындыруды қалайтын қорқақтарға керек», - деген екен. / Е.Тұрсынов «Мамлюк»/

 

Қай кезеңде де өз дәуірінің өркениетін алға апарып дамыта алатын с тұлғаларды көсемдік деңгейге көтеруге сұраныс болып тұрған. Сондай сұраныс болу керек, шуылдаған қара тобыр не десе, о десін дегендей түр танытып, мәңгілік тұлға жасағалы жатырмыз.

Елі мен халқының қалауын емес, дара билігін  жүргізу арқылы  берекесіздікке жолықтырған билеушілерді өткен тарихтан білетінбіз. Олардың қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік мәселелерді ушықтырғанына  сапасыз адам материалынан жасалғаны себепкер болса керек.  Тозақ күнәға батқандардың  мекені деген рас болса,  іс-әрекеттері сол күнәһарлыққа сай келетіндердің о дүниедегі  мекені тозақ болатыны белгілі.. Жасандылығы мен әділетсіздігі басым, бостандық деп ұрлықты қоздатқан қоғамның бет бейнесін   боямалап жүргендер мекені   жұмақ бола қоймас. Бүгінгі «жеңгендері де ақсақ күйінде қала беретін ақсақтар жарысы» секілді саяси аренадағы  мадақ бәйгесінің жеңімпаздары да сол  аймақтан табылатын болар..

Зердесі - шексіз, сөзі - жарасымды, ақыл-ойы - асқақ тұлға бейнесін   жасап көкке көтеріп, төбешікті - тауға, көлшікті - дарияға айналдырып жіберуге маманданған қошаметшілеріміз шектен шығып бара жатқанын аңғарар емес.. Біздің мақтау одаларымыздың кейіпкерлері қолдан құйылған қола бейне сияқты қатып тұрады. Тарихта талай ұлылардың өзі кіршіксіз болмағанын білетінбіз. Жүз жерден талантты, көріпкел ғұлама болса да, кәдімгі пенделер сияқты жетістігі, кемшілігі бәрі-бәрі болған. Ішкен, жеген, жүрген, ғашық болған, жаңылысқан. Біздің мақтаулыларымыз мақтауға мүдделі адамдар аузымен мақталады. Оларға  осылай мақта деп ешкім айтпаса да тоқтата алмай жатамыз.. Олар жеріміз бен табиғи байлығымыз сатылып жатса да, миллиардтар шашылып жатса да, бұл қалай дегендер қамалып жатса да мыңқ етпейтін кәнігі қошаметшіліерге айналды. Қошаметшілерге биліктің қадір-құрметі ерекше. Мадақ та, мансап та, атақ та солардікі. Атақ десе аламан бәйгеге түскендей шаба жөнелетіндер де сол қошаметшілер. Атақты сұрап жүріп алатындар, тіленіп жүріп алатындар, қуалап жүріп алатындар бар. Жолы болғыштарымыз ниеті түзу болғасын болу керек, атақ пен мансаптан құр қалып жатырған жоқ.

 

Баяғыда Наполеонның Шельман деген атақты жарамсақ тыңшысы ақсүйектер қауымына ендіруге жол ашатын «Почетный Легионер» орденімен наградтауды сұрапты. Сонда Наполеон «сендей кісілігі жоқ оңбағанға ақша берсем де, орден бермеймін» деген екен. Сол айтқандай шын адамдық бейнесі бүркеулі бетперденің арғы жағындағылардың етекте жүріп төбе басына шыққандағы қолы жеткенін қызықтауы әлі басылмай жатырған болса керек. Күштінің көлеңкесінде намаз оқыған пенделердің туа біткен ескі ауруы осы.

Қошқарға сиынып мал өсірген заманда Құнанбайға арқа сүйеген Майбасардың дала өмірінде данасынған дарақылығына еліктеген бүгінгінің жымысқы қулары батпақ аяғын астауға салғандай қылық көрсетуден айнымай келеді. Бәрінен бұрын  қалаулылар қатарындағы аға буын өкілдерінің бұндай тіршілігі ертеңгі үлгі іздеген ұрпаққа обал жасап отырғаны  ұят болды.

Өтежан ақын  жорналшыға берген бір сұбхатында: «...Атақ алғымыз келеді, бірақ оны алуға тиістілер ала алмайды. Атақты халық бермейді, сол халықты билеп отырған төрелер береді. Билеушіні мақтап, жалықпай жақтап атақ алсам мен де жүрер едім, біреулерді күлдіріп, біреулерді сүріндіріп, біреулердің құйрығын жалаңаштап. Бірақ ондай дәреже әркімге бұйыра бермейді», - деген еді. Айтса айтқандай, десе дегендей шындық осы болып тұр.

 

Тапқанымызды тығып, білгенімізді бүккен бүгінгі тіршілік күйіміздің келісті болмай тұрғанының бір себебі де осыдан өрбиді.  Бұл көріністердің себеп-салдарына көз жіберіп, ой талқысына салып,  зардабы мен залалы безбендей алатын естиярларымыз ес жияр шағының түндігі ашылмай жатырғаны өкініштілеу болып тұр.

Сократ пікір таласудан бас тартқан замандасы Агафонға: «сенің менімен айтысуға шамаң келеді, бірақ ақиқатпен айтысудан тайғақсып отырсың» деген екен. Қай кезде де шындықтың шырағын ұстаған  адамның қолы күйген.   Көз көріп, құлақ естігенді ақиқатты бүркемелеп, тепкілеп жерге көмбей   төбеге шығарған дұрыс болар еді.. Бәрібір біз  айналып өткенмен,   бізді айналып өтпейтін, түбінде ақ-қарасы анықталатын тарихи   деректер  болып сақталары анық.

 


Құлсары қаласы,

Атырау облысы.

 

0 пікір