Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4503 0 пікір 29 Қазан, 2015 сағат 12:05

БҮКІЛӘЛЕМДІК БАНК ЕЛІМІЗДІҢ СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫНА АЛАҢДАЙДЫ

Бүкіләлемдік банктің Орталық Азия және Еуропадағы табиғи апат қаупін басқару жөніндегі аймақтық үйлестірушісі Хуакин Торо 27 қазанда зерттеулердің нәтижесін баяндады. Ресми түрде толық желтоқсан айында жария етіледі.

«Алтматыдағы жойқын зер сілкінісі Қазақстан үшін ІІӨ-нің 14-тен 20 процентін құрауы мүмкін. Білесіз бе, бұл өте қомақты сома. Біз барлық назарды нысандардың сейсмо тұрақтылығын күшейтуге және модернизациялауға бұруға шақырамыз. Бұл қалада қайта жөндеуді қажет ететін Совет одағынан бұрын салынған ғимараттар өте көп»,- деп мәлімдеді Хуакин Торо Орталық Азиялық форум кезінде.

Өз кезегінде ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Жасұлан Жұмашев Қазақстанның батыс аймағы да күшті жер сілкінісіне төтеп бере алмайтынын жеткізді. 

Оның сөзінше, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан аймақтарының геологиялық өткені бұл жерде жойқын жер сілкінісі орын алғанын көрсетеді. 

Абай-ақпарат

0 пікір