Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2631 0 пікір 1 Маусым, 2010 сағат 07:20

Қазақстанға автокөліктерді әкелуге төмендетілген кедендік баж салығы 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады - премьер

Астана. 1 маусым. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Қазақстанға автокөліктер әкелуге төмендетілген кедендік баж салығы 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады. Ресеймен Кеден одағын (КО) құру бойынша келіссөз барысында осындай уағдаластыққа қол жеткізілді, деп мәлім етті премьер-министр Кәрім Мәсімов.

«Күрделі келіссөздің нәтижесінде біз Қазақстан үшін алымдар енгізу туралы уағдаластық. Оған сәйкес, біздің азаматтарымыз үшін жеңілдікті режим енгізіледі, ол бұған дейін Қазақстанда қолданылып келген режимнен де либералды. Өтпелі кезең біртұтас экономикалық кеңістік бойынша тиісті құжаттарға қол қойылғанша, яғни 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады», - деді ол сейсенбі күні үкімет отырысында.

Премьер жеңілдіктер жеке тұлғалар үшін және олар бір күнтізбелік жыл ішінде бір көлік әкелсе ғана қолданылатынын атап көрсетті. «Бір жеке тұлға күнтізбелік жылдың ішінде екі немесе одан артық көлік әкелсе, баж салығының мөлшерлемесі көбірек болады», - деді К. Мәсімов.

Сондай-ақ, автокөлікті жеңілдікті мөлшерлемемен әкелген жағдайда оның Ресейге реэкспортына тыйым салынады, деп толықтырды премьер.

Үкімет басшысы ҚР жеке тұлғалары үшін жеңілдетілген импорттық баж салығының деңгейін нақтылаған жоқ.

Бұрын хабарланғандай, өткен жұма күні ҚР және РФ премьер-министрлері Кәрім Мәсімов пен Владимир Путин КО шеңберінде Қазақстан аумағына автокөліктерді әкелуге өтпелі кезең жасалатынын уағдаласқан болатын. «Бұл дегеніміз өнімнің бұл бөлігін бақылайтын кеден бекеттерін сақтап қалатынымызды және автокөліктерді рәсімдеуге байланысты реттеудің кейбір әкімшілік шараларын енгізетінімізді білдіреді», - деп түсіндірген болатын В.Путин журналистерге.

Қазақстан премьері «автокөліктерді әкелуге өтпелі кезең біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде арнайы келісімге қол қойылғанша күшінде болатынын» айтты.

К. Мәсімов «біз Ресейде және әлеуетті түрде Қазақстанда автокөлік өнеркәсібін дамыту мәселесін басымдықты емес деп есептемейміз». «Керісінше, бұл - басымдықты даму», - деді К.Мәсімов. «Ресейде автоөнеркәсіп сенімді түрде дамып келеді, ал біз Қазақстан аумағына да, соның ішінде біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде инвестор тарта аламыз деп үміттенеміз», - деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594