Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 6421 0 пікір 4 Қараша, 2015 сағат 10:08

ӨЛІМ МЕН ӨМІР

Жақында ғана әуе апатына ұшыраған ұшақтағы "қара жәшік" ашылып, ондағы пилоттардың өлім мен өмір арпалысы сәтіндегі диалогтарын тыңдадым. Диалог емес, өмірі қыл үстінде тұрған жанның жан айқайы.

5 минуттан астам уақыт. Осы санаулы минуттағы жан-айқай, тыңдап отырған мені 5 күнге қартайтып жібергендей сезіндім. Адам өмірінің, адам баласының қаншалықты құнды, қаншалықты қадірлі әрі қаншалықты құрметке лайықты екендігін ұғынғандай болдым. Шынымды айтайыншы, сол "записьтен" кейін дала қараңғы болса да сыртқа шығып, кездескен адаммен амандасып, қал-жағдай сұрасып, аман-саулық тілегім келді. Мына алдамшы, жалған дүниеде бір-бірімізді ренжітіп, бір-біріміздің ақымызды жейміз. Болмашы нәрсеге ырылдасып, бір-бірімізбен бет тырнасамыз. Түкке тұрмайтын нәрсе үшін өзгенің көңілін жаралап жатамыз. Жанымызға жақын адамдарды елемей, менмендік танытып, лайықты қошамет көрсетпейміз. Неге? Өкінішке орай осы "неге?" деген сұрақ дер кезінде қойылмайды екен... Өтініш, адамдарды ренжітпейікші...

Абдусамат Қасым

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір