Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3135 0 пікір 1 Маусым, 2010 сағат 07:16

Қызылағаш тұрғындарына теледидар тарту етілді

Талдықорған. 1 маусым. ҚазТАГ - «Ақниет» қайырымдылық қоры алматылық кәсіпкерлердің қолдауымен су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш тұрғындарына 95 теледидар тарту етті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сыйлықтар су тасқыны кезінде туғандарынан айырылған отбасыларға, көп балалы аналарға және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға берілді.

Бұрын хабарланғандай, су тасқынынан зардап шеккен ауылдың барлық тұрғындарына тұрмыста қажет заттар: жиһаз, ыдыс-аяқ, төсек-орын, газ плиталары және т.б. барлығы 23 зат беріліп жатыр.

Су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш, Ақтоған, Егінсу ауылдарында 530 жаңа үй салынды. Ауыл тұрғындарына үй салу жұмыстарына 69 мердігерлік ұйым - 4 мыңнан астам адам мен 500-ден аса техника тартылып отыр.

31 мамырдағы жағдай бойынша, Қызылағашта 139 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, тағы 318 үйдің іргесі көтерілді, оның 215-інің шатырына негіз жасалды, 147 үйдің шатыры қапталды, оларда ішкі өңдеу жұмыстары аяқталып қалды. Маусым айының басында 200 жаңа үй пайдалануға беріледі.

Ауылда ауыз су алатын суағарлар орнатылды. Елді мекен толығымен электр қуатымен қамтамасыз етілді, көше жарықтандырылды, телефон байланысы тартылды. Ішкі жолдарға асфальт төселіп жатыр. Көше бойына ағаштар отырғызылып, оларды суару үшін арық жүйесі де жасалып жатыр.

Құрылыс жұмыстарын маусым айының ортасында аяқтау жоспарланған.

0 пікір