Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4270 0 пікір 5 Қараша, 2015 сағат 12:33

РЕСЕЙЛІК ҰШАҚҚА ИСЛАМШЫЛАР БОМБА ҚОЙҒАН

АҚШ-тың ақпарат құралдары америкалық барлау қызметіндегі ақпарат көздеріне сілтеме жасап, апатқа ұшыраған А-321 ұшағына "Ислам мемлекеті" тобының бомба қойған деп жазып жатыр.

Алдын сәрсенбі күні египеттік ақпарат көзі Reuters агенттігіне ресейлік ұшақтың бортында жарылыс болуы мүмкін, бұл жанар маймен не бомбамен байланысты деген.

Ұлыбритания тарабы да ұшақ бортына жарылғыш зат қойылған деген болжамды жоққа шығармайды. Осы болжамнан кейін Лондон Египеттің куророртты Шарм-эш-Шейх қаласынан келетін ұшақтарды қабылдауды уақытша тоқтатты.

4 қарашада "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының египеттік бөлімі 224 адамның өліміне әкелген ресейлік Airbus А321 ұшағының жарылуын өздерінің жауапкершілігіне алған болатын.

Алайда мұны ресей және египеттік мамандар жоққа шығарады. Себебі Синайдағы содырларда 9 мың метр биіктіктегі ұшақты атып түсіретін қару жоқ дейді. 

Абай-ақпарат

0 пікір