Сәрсенбі, 1 Сәуір 2020
Жаңалықтар 2453 0 пікір 5 Қараша, 2015 сағат 12:35

ҚЫРҒЫЗСТАН ЖАҢА ҮКІМЕТ ЖАСАҚТАЙДЫ

5 қараша күні Қырғызстанда Жогорку Кенеш жаңа үкіметтің құрылымы мен құрамын бекітеді. Осындай шешімді парламент депутаттары сәрсенбі күні болған жалпы отырыста шешкен.

Жұмыс тәртібі бойынша, үкімет басшылығына ұсынылған кандидатқа депутаттар сұрақ қою керек. Алайда жұмыс күнінің соңында премьер-министрлікке ұсынылған Темир Сариевке сұрақ қоюшылар саны күрт өскен. Сол себептен талқылауды бейсенбіге қалдырған.

Ұсынылған жоспар бойынша, вице-премьерлер саны төрттен үшке дейін қысқарады. Сонымен бірге министрлер саны 14-тен 12-ге дейін кемімек. Екі мемлекеттік комитет пен екі холдинг құрылып, мемлекеттік агенттіктер саны 28-ден 24-ке дейін азаймақ.

Абай-ақпарат

0 пікір