Сенбі, 20 Сәуір 2024
Бетбұрыс 4998 0 пікір 9 Қараша, 2015 сағат 03:00

ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ. ҚАНДАЙ ҚОҒАМ?

Еліміздің алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымдық турбулентті жағдайда тұр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында еңбек адамның еңсесін көтеретіндігі жөнінде аталы сөздер айтып, әркімнің еңбек етуіне жағдай жасау мәселесі тиянақталып, Үкіметке осы міндетті орындау үшін 20 тапсырма бергені белгілі. Елбасының тапсырмасын орындау барысында өмірге келген «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасының халық үшін берер жақсылығы өлшеусіз. Еңбек адамына мұндай жағдай әлемді қаржылық дағдарыс шарпып тұрған сәтте ешбір елде жасалынған емес. Бұл жөнінде талай биік мінбелерден аузы дуалы азаматтар және шетел сарапшылары сан мәрте айтты. Жұмыспен қамту бағытында ешбір елде мұндай бағдарлама қабылдаған емес. Еңбек адамына жасалынған қамқорлықты пайдалана білу маңызды.

Шынын айтқанда, қоғамда әлі өз орнын таба алмай еңбек етуге құлқы болмай жүргендер бар. Сондықтан да біздің басқарма жыл сайын бағдарламаны тұрғындар арасында түсіндіру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу бағытында нақты шараларды жүзеге асыруда. Жұмыспен қамту бағыттары бойынша 3000 буклет, 2500 плакат және 570 әдістемелік нұсқаулар дайындап, барлық ауылдық округтерге жіберілді. Баспасөз беттерінде, телеарналарда, радио хабарларында басқарма қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаның мәні мен маңызын білмейтіндер де табылды. Сондықтан да басқарма қызметкерлері және осы бағытта жұмыс істейтін аудандық буындар тұрғындар арасында жиі болып, игі бағдарлама әркімнің еңбек етуіне жол ашқандығын нақты мысалдармен түсіндіруден жалыққан емес.

Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға облыста 6708,9 миллион теңге бөлу қарастырылған. Осы жылдың 9 айында ол қаржының 91,3 пайызы игерілді. Бағдарламаның аясында үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейін 8599 адаммен әлеуметтік келісім-шарт жасалынды. Жыл соңына дейін олардың қатарын белгіленген жоспар бойынша 14 мыңға жеткізу қарастырылып отыр. Бұл бағдарламаға өз бетімен жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар тартылды. Сонымен бірге, табысы аз, мүгедектер де осы бағдарламаның шарапатын көруде. Осы бағдарламаға қатысушылардың 44,6 пайызы жастар болса, 48 пайызға жуығы әйелдер. Шыны керек, тұрғындардың осы топтарының кейбіреулері тұрақты жұмыс істеуге мүдделі емес. Олар өздері тауып алған еңбек биржаларында тұрып бір сәттік жұмысқа жалдануды артық санайды. Оларға тұрақты еңбек етудің пайдалы жақтарын түсіндіре отырып, өзінің болашағы үшін бейнетінің зейнетін көруде тұрақты жұмыс орнының болуы аса маңызды екені түсіндірілуде. Қазір қалалар мен кенттерде еңбек биржаларында жұмыс іздеп тұрушылардың қатары біршама болса да азайғандығын айтуға болады. Үстіміздегі жылы 5482 адамды тұрақты жұмысқа орналастырдық.

Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»

Бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер көрсетіп отыр. Оған әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын өндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ-ға кіруге тағы 6 ел – Бразилия, Қытай, Үндістан,Индонезия, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасы үміткер болып отыр. Ұйымға мүше барлық елдер терең жаңғыру жолынан өтті, инвестицияның, еңбек өнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамытудың, халық өмірі стандарттарының жоғары көрсеткішіне ие болып отыр. Әлбетте, ЭЫДҰ елдерінің болашақ ұзақмерзімді қарқыны ескерілгендегі индикаторлары – жер жүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жолындағы біздің базалық бағдарымыз осы.

Мен Қазақстанда ЭЫДҰ-ның бірқатар қағидаттары мен стандарттарын енгізу жөнінде міндет қойдым. Олар Тұжырымдама жобасында көрініс тапқан.

Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»

Экономикада ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімін 4 пайыздан кем қылмау жоспарлануда. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту керек. Экономиканың ғылыми қамтымды моделін енгізу Қазақстанның экспорттық әлеуетіндегі шикізаттық емес өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру мақсатын көздейді.

Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек.

 

Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады.

Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»

Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады.

Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі.

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек.

Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»

Бірінші. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. Мен Үкіметке 2016-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустрияландырудың Екінші бесжылдығы жобасы жөнінде бірқатар тапсырмалар бердім. Индустрияландыру басымдықтары санын шектеу керек.

 

Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар – біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектерді өңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардың ғылыми қамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымын ұлғайту қажет.

Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуға тиіс. Тиісті заңнаманы жеңілдете отырып, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тартқан жөн. Жалпы, дәстүрлі салаларға қатысты біздің оларды дамыту жөніндегі бөлек жоспарларымыз болуы керек. Әрбір келесі бесжылдықтың нақты нәтижесі экономиканың жаңа салаларын қалыптастыру болуға тиіс. Бірінші бесжылдық аясында автомобиль және авиақұрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары өндірісі жолға қойылды. Оларды кеңейтіп, сыртқы нарықтарға шығару керек.

Сонымен, 2050-ге дейінгі қалған жылдар жеті бесжылдыққа бөлінеді, олардың әрқайсысы бір мақсат – дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесін шешеді.

Екінші және одан кейінгі бесжылдықтарда мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн. Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады.

Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»

Екінші. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек.

Бірінші кезекте, әсіресе баға қалыптастырудың ашық механизмдері арқылы тиімді жер нарығын құру маңызды. Ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тарту және озық технологиялар енгізуді ескеріп жалға бергенде ғана бәсеке күшейеді. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн.

Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»

Болашақ – аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақмерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болуға тиіс. Ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру да өзекті мәселе.

 

Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқарту, оларды көкөніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. Агрохимикаттарды тиімді тұтынудың, қуаң жерлерде топырақты нөлдік өңдеудің заманауи технологиялары мен өзге де инновацияларды қолдануды кеңейтудің кешенді шаралары қажет.

Әділ Назарұлы

Abai.kz

0 пікір