Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3207 0 пікір 1 Маусым, 2010 сағат 07:13

Семей полициясы ұрланған жылқының ізімен барымташыларды қолға түсірді

Семей. 1 маусым. ҚазТАГ - Семей полициясы ұрланған жылқының ізімен барымташыларды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

Семей ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспановтың мәлім етуінше, жақында кезекші бөлімге қала маңындағы Ертіс елді мекенінің тұрғыны хабарласып, екі жылқысын ұрлап кеткенін айтқан.

«Оқиға орнына полицияның ауылдық бөлімшесінің қызметкерлері аттанды. Барымташылардың ізіне қызметтік иісшіл иттің көмегімен түсу әрекеті сәтсіз аяқталды, жаңбыр жауып өткендіктен, ит ізге түсе алмай қалды. Сондықтан полиция қызметкерлері жылқы тұяғының ізімен Ертіс бойымен жүре берді. Із қалаға әкелді», - деп түсіндірді Е. Оспанов.

Жедел іздестіру шаралары ізкесушілерді Восточный елді мекеніне алып келді, ол жерде ангарлардың бірінен ұрланған жылқы да табылды. «Полиция сол жерге жасырынып, барымташыларды күтіп отырды, кейін төрт күдікті ұсталды, олардың арасында кәмелетке толмаған жасөспірім де бар», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр, тергеу жүргізілуде.

0 пікір