Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3288 0 пікір 1 Маусым, 2010 сағат 03:27

Алашорда ұраны ұлттық жобаға айналмай құлдықтан құтылмаймыз

Иә. Тап солай. Индустриялық-инновациялық жобалардан ешбiр кем емес, ел болып атқарар ұлттық жоба. Қолыма қалам алуға түрткi болған  Тұрсын Жұртбайдың «Жұлдыз» журналында жарық көрiп жатқан «Ұраным  Алаш» атты тарихи зерттеу еңбегi.
Қазiргi кезде қазақ мүддесi тұрғысында есе түгендеп жатқан екi адам болса, соның бiрi  Тұрсын Жұртбай. Оған дәлел  жоғарыда аталған зерттеу еңбегi. Оқып шықсаңыз, көзiңiз жетедi.
Менiң бұл жердегi айтпақ ойым  қазақ халқының тарихындағы «Алтын белес», сонымен қатар «Үлкен қасiрет кезеңi» деуге болатын Алашорданың тарихын қазiргi жас буын қалай түсiнуi, қабылдауы. Бұл еңбектiң ерекшелiгi  мұрағатта жатқан «қылмыстық iстердiң» тергеу деректерiне сүйенгендiгiнде. Тарихи шындыққа жанасуында. Сол кездегi Әлихан Бөкейхан, Ахмет Бай¬тұрсынұлы сынды көсемдер бастаған тұтас бiр буынның қазақ халқының тағдырына ара түсулерi, жанкештi тiрлiктерi ойыңды небiр тұңғиықтарға жетелеп, сезiмiңдi жаниды.
Аруақтарынан айналайын азаматтар елдi сүюдiң ұлы үлгiсiн көрсетiп кеттi ғой. Олар сол замандағы демократиялық ағымның бастауы бола бiлдi. Тек өкiнiштiсi  оны бүгiнгi қолында қауқары бар азаматтар қаперiне iлмейдi.

Келесi жылы  Алашорда қайраткерлерi өле-өлгенше армандап, сол армандарын көкке жұлдыз ғып қадап кеткен тәуелсiздiктiң 20 жылдығы. Бүгiнгi тәуелсiз¬дiктi сол алаш арыстары бастан кешкенде әлемде теңдесi жоқ мемлекет салтанат құрар ма едi деп кейде налисың. Әйткенмен ғажайып болмайды. Бәрi де қажырлы еңбек¬тi, табанды күрестi талап етедi.
Жерiнiң асты мен үстi қа¬зыналы байлыққа толы қазақ халқының бүгiнде неге жiгерi жасыған, қайраты мұқалған. Менiңше, себеп  бiздiң санамызды дiңкелетiп тастаған құл¬дық психологияда. Ол әсiресе ел тағдырына қатысты шешiм қабылдауға өкiлеттi ел ағаларынан қатты байқалады.
Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан берi рухани тұрғыда отарсыздану (деколонизация) үдерiсi жүргiзiлген жоқ. Екi ғасырдан астам уақыт орыстың отарында болған қазақ үшiн бұл кезек күттiрмейтiн, шапшаң қолға алатын шаруа едi. Уақыт болса өтiп жатыр. Ал сол қазақ қоғамының дамуына тежегiш болып отыр¬ған құлдық психологияға қарсы бiрден-бiр ем  ол кеңiнен насихатталуға тиiс Алашорда тарихы. Ұлттық жоба деп отырғаным да сондықтан. Бұл  үкiметтiк тұрғыда қаулы қабылданып, нәтижесi әрбiр елдi мекендегi әр адамның көңiлiнен орын табуы тиiс шаруа. Нақтырақ айтсақ, мектептiң, жоғары оқу орындарының оқу-әдiстемелiк бағдарламаларына Алаштану пәнi енгiзiлiп, мiндеттелгенi абзал. Мұндай жауапты, күрделi шаруаға К.Нұрпейiс, М.Қойгелдi, Т.Жұртбай, С.Аққұлұлы сынды алаштанушы ғалымдарды тартуға болады.
Кезiнде XX ғасырдың 20 жылдары Әлихан, Ахмет, Әлiмхан сынды азаматтар елi үшiн сауға сұрап, Ленин, Сталиндермен тең дәрежеде келiссөздер жүргiзiп, табандылық танытпағанда, бiзге РСФСР-дiң құрамында автономия да бұйырмас едi. Әрi кеткенде бүгiнде бiз Татарстан, Башқұртстан сияқты, Ресейдiң құшағында булығып жатар ма едiк. Сондықтан бүгiнгi азат күнiмiз үшiн бiз ең бiрiншi Алашорда қайраткерлерiне бас иiп, тағзым етуге мiндеттiмiз. Тарихқа қиянат жасауға болмайды.
«Ұраным  Алаш» еңбегiнен көргенiмiз¬дей, Ә.Бөкейханның 1926 жылғы Қазақстандағы шаруаларға тиесiлi жер нормасын анықтау жөнiндегi профессор Швецов басқарған экспедицияға қатысып, дұрыс есептеулер жүргiзiп, Қазақстанда артық жер телiмi жоқ екендiгiн дәлелдеп, соны экспедицияның қорытынды есебiне енгiзуi, сол жылдары iшкi Ресейден қазақ жерiне 360 мың қарашекпендiлердiң жөн-жосықсыз қоныс аударуына тосқауыл болғанын көпшiлiк бiлмейдi. Тарихтағы мұндай елдiк үшiн жасалған ерлiк iстердi әрбiр қазақ жадында ұстауға мiндеттi деп санаймын.
Бүгiнде романтиканы қо¬йып, нақты прагматикалық есеп¬терге жүгiнген қазақ мүд¬десiне жауап беретiн ша¬руа-лармен айналысатын мезгiл жеттi. Сондықтан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы көпсериялы, сапалы «Алашорда» көркем фильмiн түсiрсе, құба-құп. Ол тек «Көшпендiлер» мен «Мұстафа Шоқайдың» кебiн кимесе болғаны.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Алашорда» атты тарихи деректерге сүйенген жүйелi, сол дәуiрдi тұтасымен қамтитын деректi фильм түсiрiп, халық назарына ұсынса, шексiз алғысқа бөленерi хақ.
Ендiгi бiр қолға алатын шаруа  Астананың төрiнде алаш арыстарының мүсiндерi орнатылған «Алашорда» аллеясын ашу. Осы кезде ғана елорда әрбiр қазақтың жүрегiнен орын алатын қасиеттi мекенге айналмақ.
Мiне, осындай бiр тiзбектi iрi-iрi шаруаларды қолға алсақ қана, яғни «Алашорда» ұғымы әрбiр қазақ үшiн қастерлi ұғымға, бiрiктiрушi факторға айналғанда, бiз санамызды жаңғыртып, елдiк санаға жол ашамыз.
Азаттықтың отын өшiрiп алмай, сонау Абайдан аманаттап алған Әлихандар мен Ахметтер оны Мұхтарлар мен Қаныштарға табыстапты, олар өз кезегiнде оны Мұхтарлар мен Рымғалиларға ұстатқан, содан ол от Тұрсындар мен Дидарлар арқылы бүгiнгi күнге, бiзге жетiп отыр.
Бiз дегенiмiз  алғашқы мүшелдi тәуелсiздiкпен өлшеген ұрпақ. Ендеше, әлемде су тасып, дауыл көтерiлiп жатқанда сол отты сөндiрiп алмау  бiзге серт.

Нариман МӘЖИТҰЛЫ,
Қарағанды қаласы

«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 21 (58) от 26 мая  2010 г.

0 пікір