Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4917 0 пікір 1 Маусым, 2010 сағат 03:22

ТМД-ға бірыңғай тарих оқулығы қажет пе?

Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылымдарының докторы, ҚазҰУ Ежелгі және орта ғасырдағы қазақ халқы тарихы кафедрасының меңгерушісі:
- ТМД құрамында Мәскеуге біз сияқты отар болып, орыстанудың зардабын тартқан елдер бар. Олар ортақ тарих оқулығын қалай жазуы мүмкін? Мысалы, патша өкіметінің қайта қоныстану саясатын ресейлік тарихшылар сылап-сипап, сыпайылап келтірсе, біз оны отарлық саясат ретінде әшкерелеп жазамыз.

Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылымдарының докторы, ҚазҰУ Ежелгі және орта ғасырдағы қазақ халқы тарихы кафедрасының меңгерушісі:
- ТМД құрамында Мәскеуге біз сияқты отар болып, орыстанудың зардабын тартқан елдер бар. Олар ортақ тарих оқулығын қалай жазуы мүмкін? Мысалы, патша өкіметінің қайта қоныстану саясатын ресейлік тарихшылар сылап-сипап, сыпайылап келтірсе, біз оны отарлық саясат ретінде әшкерелеп жазамыз.

18 ғасырдан бергі Қазақстанда болған Ресейге қарсы ұлт-азаттық көтерілістер ше?! Сырым Датовтың, Махамбет Ђтемісов пен Исатайдың, әсіресе Кіші жүздің көптеген қозғалыстарын тарихшыларымыз әділетті ұлт-азаттық көтерілістер ретінде бағалап отыр. Көршілер оған қалай қарайды? Олар бұл тақырыпқа біздің тереңдеп барғанымызды қаламайтын сияқты. Олар бізге: «Сіздерде мұрағат құжаттарыңыз жоқ! Сондықтан бұл мәселені өткір түрде қоймау керек!» - деп, өздерінің концепциясына тартуы ықтимал.
Мүмкін, біріккен оқулықты 1991 жылдан бергі тарихқа арнап жазуға болатын шығар? Бірақ, тағы да ТМД елдерінің саяси құрылысы әр түрлі. Мысалы, Ђзбекстан тоталитаризмге кетсе, Қырғызстан парламенттік демократия жолына түскенімен, тәуелсіздігін сақтап қалуы үлкен сұрақ тудыруда. Украинаның саяси құрылымы мүлдем басқа. Әр мемлекет әр түрлі дамып келеді. Осындай жағдайда ортақ тарих қалай жасалады?
Түрік академиясы құрылып, түркі халықтарының ортақ оқулықтарын жазбақшы. Ал бізде «Қазақ халқының шығу тегі» деген кітап та шыққан емес. Қазақтың рулық-тайпалық тарихынан қатты қорқамыз. Басқа ұлттар, мысалы, 1974 жылдың өзінде «Происхождение башкир» деген кітап жазып тастады. Ал татарлар отар болса да, «История татар» деген 7 томдық үлкен кітап шығарды. Бізде «Қазақтар тарихы» деген оқулық түгілі еңбек те жазылған жоқ. Біз тек Қазақстан деген сөзге жабысып, қазақ тарихы жеке қарастырылмай қалған. Әлі қазақтың қалыптасу тарихы зерттелмеген жағдайда ортақ оқулық қалай жазылады?! Қазақ халқының қасіретті кезеңдері зерттелгенімен, біздің ғылыми концепциямыз - орыс, украин, беларусь тарихшыларынан басқаша. Тіпті кейбір жерде олардың тұжырымдарына мүлдем кереғар келеді. Онда олармен ортақ тарих қалай жазамыз?
Ең алдымен, әр ел өздерінің тарихын жақсылап зерттеп, ғылыми-объективті концепциясын белгілеп алуы тиіс. Сонан кейін ғана сол зерттеулер негізінде оқулық жазылады. Ондай түбегейлі зерттеулерсіз жазылған оқулықтар қате, бұрмаланған болып шығады. Бұл бізге керек пе?

Валерий КАРБАЛЕВИЧ, Беларусь «Strategy» сараптама орталығының басшысы:
- Кез келген елдің тарих оқулығы ұлттық идеологияға, ұлттық мифтерге толы. Сондықтан, көптеген елдерге бірдей ортақ оқулық жасау қиын. Сонан кейін көптеген тарихи оқиғалар бойынша ТМД елдеріне ортақ келісімге келу қиын болады. Сондықтан, ортақ оқулық жазу тіпті мүмкін емес. Бұл бастама, бәлкім, Ресейге тиімді шығар?! Ђйткені, Кремль өздерін посткеңестік кеңістіктің орталығы санайды. Тарих оқулығы арқылы Мәскеу осы кеңістіктегі өзінің орнын нығайтып, біріктіргісі келетіні түсінікті. Ал бұл бастаманы Беларусь вице-министрінің көтергеніне қарағанда, бұл оның жеке немесе министрліктің бастамасы шығар. Шынымды айтсам, оның бұл бастамасын түсінбеймін әрі қабылдай алмаймын.

Вардан БАГДАСАРЯН, тарих ғылымдарының докторы, Ресейдің «Мектеп тарих оқулығы мен мемлекеттік саясат» кітабының авторы (KMnews):
- Посткеңестік республикалар үшін ортақ тарих оқулығын жазу идеясы мүлдем мағынасыз болып көрінеді. Егер тіпті баяндаудың «гумилевтік» тәсілін, яғни, бірнеше көрші елдердің тарихын параллельді түрде берсе де, бұл - мүмкін емес шаруа. Осының өзінде даулы мәселелерді айналып өту мүмкін емес. Яғни, оқулық жазылған күннің өзінде ол автор мемлекеттердің бірі - бір елдің идеологиясы шеңберінде жазылып шығады. Әрине, барлығы осындай біріктіруші рөлді Ресей атқарады деп күтуі мүмкін, бірақ Ресей қазір ондай идеяларға ұмтылмайды.

Дайындаған Айжан КӨШКЕНОВА

«Айқын» газеті, 29.05.10.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594