Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5305 0 пікір 31 Мамыр, 2010 сағат 06:40

Шығыс Қазақстанда қымыз өндірісіне қажет Т11 млн қаржының орнына төрт есе аз бөлінді

Өскемен. 31 мамыр. ҚазТАГ - Биыл Шығыс Қазақстанда қымыз өндірісін алғаш рет субсидиялау үшін қажет қаржының орнына төрт есе аз бөлінді. Бұл туралы Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылық басқармасы хабарлайды.

«Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің өтініштеріне сәйкес қымыздың тиімді өндірісі үшін 11 млн теңге қажет, бюджетте бұл мақсатқа облысқа 3 млн қарастырылған», - дейді басқармадағылар.

Мамандардың айтуынша, облыстың бірқатар аудандарында жылқы малын ұстап, қымыз өндіру дәстүрі сақталған. Мысалы, Абай ауданының Саржал ауылындағы жылқы табыны 5 мың бастан құралған, бұл ауданның өзі ғана күн сайын 5 тонна бие сүтін жеткізе алады. Осындай ірі партияларды Қатон-Қарағай және Бородулиха аудандары да жеткізе алады. Басқармадағылардың атап көрсетуінше, ат фермалардың иелері де, қайта өңдеушілер де субсидиялауға мұқтаж, қаржыны үлестіру тетігі әлі қарастырылған жоқ».

Мамандардың пікірінше, аймақта ішкі нарық есебінен қымыз өндірісін дамыту үшін мол әлеует бар. Мысады, халқының саны бойынша ШҚО-мен тең келетін Ақмола облысы 10 есе артық қымыз тұтынады.

0 пікір