Сенбі, 24 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110250. Жазылғандар — 105566. Қайтыс болғандар — 1796
Жаңалықтар 1924 0 пікір 31 Мамыр, 2010 сағат 06:33

Ұлттық медициналық қауымдастық басшысы ОҚО ауруханаларына кәсіби міндетін атқару кезінде КҚҚБ-дан қайтыс болған дәрігерлердің есімін беруді ұсынады

Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Ұлттық медициналық қауымдастық басшысы ОҚО ауруханаларына кәсіби міндетін атқару кезінде КҚҚБ-дан қайтыс болған дәрігерлердің есімін беруді ұсынады.

«Құрметтің Кәрім Қажымқанович дәрігерлер қайтыс болған ауруханаларға солардың есімін беру туралы біздің бастамаға қолдау көрсетуіңізді сұраймыз», - деді Қазақстан Ұлттық медициналық қауымдастық президенті Айжан Садықова дүйсенбі күні үкіметтегі денсаулық сақтау мәселесіне арналған кеңесте.

Ол осы ауруханада үш дәрігер науқас келіншектен КҚҚБ-ін жұқтырудан (кәсіби міндетін атқару кезінде - ҚазТАГ) қаза болғанын еске салды.

Әлемде бұл аурудан емдеу тәсілдері табылған жоқ, бірақ біздің Қазақстандағы дәрігерлерді науқасты құтқара алмағаны үшін жауапкершілікке тартты. Әйтеуір, сот бәрін анықтап, білікті мамандар өз қызметін жалғастыратын болғаны үшін рахмет», - деді А. Садықова.

Бұрын хабарланғандай, былтыр ОҚО-да КҚҚБ жаппай жұғу фактісі бойынша қылмыстық іс ашылған болатын. Өткен аптада Түркістан қалалық соты Түркістан перзентханасының қырым қанды безгегінің таралуына жол бергені үшін алты дәрігеріне айыптау үкімін шығарған. Атап айтқанда, паталоганатом Абдурахман Бахтияров жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтіндей бір жылға сотталып, бір жылға медициналық қызметпен айналысуға тиым салынды. Бес дәрігерге қатысты да айыптау үкімі шығарылып, бірақ олар тараптар бітімгершілікке келуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, сот ісі жабылды.

Конго-Қырым гемморологиялық безгек (КҚҚБ) (қырым қанды безгегі, ортаазялық безгек) - адамға жұғатын, табиғи ошақталған вирустық инфекция. Оның қоздырғыштары кене шағуы арқылы беріледі. Өткір түрде басталып, адам ыстығы екі толқын көтеріліп, уланудың айқын белгілер көрініп, жаралардан қан аға бастайды.

0 пікір