Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Уақ-түйек... 4249 0 пікір 25 Қараша, 2015 сағат 03:00

Шымкентте жұмыссыздар қатары азайып келеді

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында жұмыссыздар қатары азайып келеді, - деп хабарлайды Абай порталы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Абай саябағындағы «Бейнелеу өнері» мұражайында халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «Нұр Отан» партиясы Шымкент  қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдаханов, қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров қатысып, жәрмеңке жұмысына сәттілік тіледі.  
Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы бағдарламасында негізгі басымдықтардың бірі - жұмыспен тұрақты қамтуға жәрдемдесу шеңберінде қалада мұндай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылады. 
Айтулы шараға өңірдің 201 кәсіпорын мен мекемелер қатысып, олар 2015 бос жұмыс орындарын ұсынды. Биыл шаһарымыздың жұмыспен қамту мекемелері алдына ауқымды жоспарлар қойып отыр. Атап айтар болсақ, бағдарлама аясында 400 адамды әлеуметтік, 533 жас түлекті жастар практикасына, 148 азаматты қайта даярлау курсына оқытуға, 1520 азаматты қоғамдық жұмыс орындарына тарту жоспарлануда. Өңірдегі 9092 бос жұмыс орындарына 1338 жұмыссыз азаматтарады мемлекеттік және аймақтық бағдарлама шеңберінде жұмысқа алу жоспарланды. 

Қуантарлығы, жыл басынан бері аталған бағдарлама аясында 14 997 азамат жұмыспен қамтылса, олардың 593-і әлеуметтік салаға, 1796-сы қоғамдық жұмыс орындарына, 148 азамат қайта даярлау курсына оқытуға жолданды. Шымкент қаласы бойынша 2015 жылдың жоспарына сәйкес 479 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту межеленсе, қазіргі таңда оның 429-ы жұмыспен қамтылып отыр. 

Abai.kz

0 пікір