Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107775. Жазылғандар — 102736. Қайтыс болғандар — 1699
Жаңалықтар 2728 0 пікір 25 Қараша, 2015 сағат 11:52

СИРИЯҒА КӘРІ ШЕШЕСІН, 28 ТУЫСЫН ӘКЕТКЕН

Қырғызстанның Ыстық көл облысының тұрғыны Жолдошбек Карабаев Сирияға кәрі шешесімен бірге 28 туысын алып кеткен. Бұл жөнінде Азаттыққа олардың туысы Жаныбай Тыналиев хабарлады.

Оның сөзінше, Жолдошбек Карабаев ең алдымен жүкті әйелімен және төрт баласын алып өзі кеткен. Осыдан кейін ол басқа туыстарын да кішкентай балаларымен бірге Қырғызстаннан шығарып алған. Барлығы - 28 адам. 

Еске сала кетейік, 2015 жылдың көктемінде Тон ауданынан бір отбасы бес баласымен және 80 жастағы әжесін де алып Сирияға кеткен еді.

Алдын Қырғызстанның бас прокуроры Индира Жолдубаева Сирияда 500 ге жуық қырғыз азаматы террористік ұйымдардың қатарында соғысып жүргенін мәлімдеген еді.Оның жүзден астамы әйел. 

Абай-ақпарат

0 пікір