Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4370 0 пікір 26 Қараша, 2015 сағат 10:49

ТҮРКИЯ ЕСКЕРТУ ЖАСАҒАН АУДИОЖАЗБАНЫ ЖАРИЯЛАДЫ

Түркияның қорғаныс министрлігі ресейлік Су-24 атқылаушы ұшағына қатысты аудиожазбаны жариялады. Онда түркиялық әскерилер өз елдерінің әуе кеңістігіне жақындаған ұшаққа бірнеше рет ескерту жасалғандығы нақтыланған дейді.

Түрік әскерилерінің ұсынған аудиожазбасында ескерту бес минөт бойында әрбір 30 секунд сайын қайталанған. Бірақ ресейлік ұшақ экипажы елемеген.

Алдын атып түсірілген Су-24 ұшағының ұшқышы Константин Мурахтин түрік тарапы ресейліктерді Түркия әуе кеңестігін бұзғаны жөнінде ескерту жасамады деп мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, "радиоалмасу да, визуалды байланыс та" болмаған, ал зымыран "ұшақтың құйрығы жағынан кенеттен пайда болған".

Ресейлік Су-24 ұшағы 24 қарашада түрік-сирия шекарасында түріктердіңF-16 зымыранымен атып түсірілді. Ресейлік билік Су-24 Сирия аумағында болды дейді. Сейсенбі күні Ресей қорғаныс министрлігіСу-24 ұшағының бір ұшқышының қайтыс болғанын айтты. 

Абай-ақпарат

0 пікір