Жұма, 19 Сәуір 2024
Бәсе... 6712 0 пікір 27 Қараша, 2015 сағат 12:32

МИТИНГ ӨТКІЗУГЕ РҰҚСАТ БЕРІЛМЕДІ

Жақында қазақстандық БАҚ-та Түркия территориясында апатқа ұшыраған ресейлік Су-24 әскери ұшағының командирі Олег Пешков (қаза тапқан ұшқыш) Өскемен қаласында тұрған деген ақпарат жарияланды.  Халықаралық талаптарды ескермей, бөтен мемлекеттің аумағына өтіп кеткен, кейін Түркия қарулы күштерінің шабуылынан қаза болған Олег Пешков тәлім алған Өскемендегі №29-мектепте белсенділер митинг ұйымдастырмаққа ұмтылды.

Ал жергілікті билік пен құзырлы мекемелер шеруді кейінге шегерген. Бұл туралы   «NewTimes.kz» сайты жазды.

Қаза болған әскеридің құрметіне шеру ұйымдастырмақ болды деген сыбыс БАҚ-та тарағаннан кейін, newtimes.kz» агенттігінің тілшісі Өскемен қаласындағы №29-мектеп әкімшілігіне хабарласты. Ондағылар: «Митинг өткізуге рұқсат берілген жоқ. Қалалық білім басқармасына хабарласыңыздар» деп,  «newtimes.kz» агенттігінің тілшісіне Өскемен қалалық білім басқармасына қоңырау соғуын өтініпті.

Өз кезегінде Өскемен қалалық білім басқармасы жергілікті билік органдары ешқандай митинг өткізуге рұқсат бермегенін айтқан (http://newtimes.kz/obshchestvo/item/22738-miting-v-pamyat-o-pogibshem-pilote-su-24-otmenen-v-ust-kamenogorske).

«Кеше аталған мектеп директорының бұл бастамасына қатысты үлкен талқылау болды. Ал бүгін қалалық білім басқармасының мамандары №29-мектепті тексеруге барды.  Қалалық басқарма ешқандай шеру, митингі ұйымдастыруға рұқсат берген жоқ»,- деп жауап беріпті  сайт тілшісіне білім басқармасының бас маманы Лаура Казекешова.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Өскемен қаласындағы №29-мектеп директорының орынбасары таратқан мәліметтер бойынша, қазақстандық БАҚ-та аталған мектепте Ресей үкіметінің тапсырмасын орындау үшін Түркия аумағында қаза болған Олег Пешковтың құрметіне шеру ұйымдастырмақ болған деген ақпарат тараған еді (http://newtimes.kz/eshche/regiony/item/22704-pogibshij-pilot-sbitogo-turtsiej-su-24-okazalsya-urozhentsem-vko).

РФ Қарулы күштерінің қызметкері Олег Пешков 1970 жылы Алтай аймағындағы Косиха елді-мекенінде дүниеге келген. 1972 жылы Пешковтар отбасы Қазақстаның Өскемен  қаласына қоныс аударған.

Айта кетейік, қазірдің өзінде қаза болған ұшқыш Олег Пешковқа РФ Президентінің арнайы жарлығымен, РФ Халық Қаһарманы атағы берілді.

Ал ресейлік белсенділер Пешковтар отбасы тұратын Липецк қаласындағы көшелердің біріне ұшқыштың есімін беруді ұсынған (http://lenta.ru/news/2015/11/25/lipetsk/).

Естеріңізде болса, 24-қараша күні Түркия территориясына заңсыз өтіп кеткен ресейлік әскери ұшақты Түркия  қарулы күштері 10-ескертуден кейін атып түсірген (http://abai.kz/post/view?id=5628).

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

 

 

0 пікір